Жақында ғана әлеуметтік желілерден оңтүстікте тұратын бір Қожа «қаратабан қазаққа шықпайсың » деп қызын сүйген жігітіне бермей қойғанын оқып жағамды ұстаған едім.
https://kaz.365info.kz/kharataban-khazakhkha-khyz-bermejmiz-khozhalar-khazakh-balasy-ajbarga-khyzyn-bermej-khojgan-327140
Жиырма бірінші ғасырда «бұл не қылған ескінің сарқыншағы» деп ойлап қойғанмын. Алайда оңтүстіктер салт-дәстүрді берік ұстайтын болғандықтан, ол жақта бұл өте бір оқыс оқиға болып саналмайтын шығар. Қалыпты жағдай болуы мүмкін.
Жә, айтпағым бұл емес. Өзге.
Мен — орысшасы көп солтүстіктің қазағымын. Ауылымыздың жартысы қазақ, жартысы славяндар. Бірақ солай бола тұра, біздің жақта да ескі дәстүрге сүйеніп жататындар аз емес.
Өткен жылы мынадай бір жағдай болды:
Бір көшеде тұратын көршінің баласы үйленбек болып біраз дайындалды. Бірақ той болмады. Неге дейсіздер ғой, әшейінде адамдармен аралас-құраласы жақсы әлгі жігіттің әке-шешесі жеме-жемге келгенде баласының алатын қызына көңілі толмапты.
Ең бастысы — қыздың елі Қыпшақ болғанына тірелген екен. Сөйтсе бұлар Төрелердің тұқымы екен.
Жігіттің әкесі:
«Біз Төреміз. Сонау тамырымыздан бастап Ақсүйекпіз. Сондықтан осы дәстүрді сақтап, ұлымыздың алатын әйелі де Төре болуы Заң.
Қыз жағы ренжімесін» деп, баласын тиып тастапты.
Онымен қоймай, «қыз небәрі колледж бітірген. Жоғары білімі жоқ, қарабайыр біреу екен. Ал біздің баламыз АҚШ-та оқып келген. Өсетін бала. Оған соған сай білімді жар керек»,
деп шіреніпті.
https://kaz.365info.kz/ol-meni-mensinbej-ketti-toregali-siyakhty-bir-anshinin-ajeli-295344
Мұны естіген сол маңайда тұратын орыс-қазағы аралас көршілер: «қазір ру-руға, Төре-қараға бөлінетін заман ба? Өткеннің сарқыншағын неге жаңғыртады. Ең бастысы балалар бірін-бірін жақсы көрсе, сыйласа болды емес пе?», деп біртүрлі болып қалғанбыз.
Содан не керек,
әке-шешенің айтқанынан шыға алмаған бала әлгі қызды алмады.
Ары қарай тағдырлары не болды, білмедім.
Айтқым келгені, мұндай жағдай тек оңтүстікте ғана емес, еліміздің әр бұрышында кездесіп қалатыны өкінішті.
Жарас Арғынбек
https://kaz.365info.kz/itshe-tepkiledi-bireudin-seksin-suretke-tartam-dep-nem-bar-edi-291014
Фото: ult.kz