Теміртауда анасы кішкентай қызын бейтаныс әйелге тастап кеткен. Көкек ана тастап кеткен 2 жасар сәби Қарағандының «Ботагөз» балалар үйіне орналастырылды.
Бқұл туралы Baq.kz хабарлады.
Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Теміртауда жас ана бейтаныс әйелден кішкентай қызын қарайлай тұруын өтінген. Телефон нөмірін қалдырған ана сол беті қайтып оралмаған. Бірнеше сағат бойы баланың анасына xабарласа алмаған әйел полицияға xабарласқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сәбиді қалалық ауруxанаға әкелген. Көкек анаға xабарласқан полицейлер оны учаскеге келуге көндіре алмаған. Бірнеше күн бойы дәрігерлердің қарауында болған сәби жетімдер үйіне орналастырылды.
«Бала өз жасына қарай өсіп келеді. Әзірге сөйлей алмайды. Өздігінше тамақ жей алмайды. Бірақ адамдарға үйір. Балалармен жақсы ойнайды. Ешкімнен қорықпайды. Жақсы ұйықтайды», – дейді «Ботагөз» балалар үйі директорының міндетін атқарушы Людмила Дроздова.
«Анасын полиция қызметкерлері өздері іздеп тапты. Оған дейін ол баланы іздеген жоқ. Баланы бейтаныс адамға қалдырып, оның өміріне қауіп төндіргені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұнымен полиция айналысып жатыр», – дейді Теміртау қаласы Білім бөлімінің қамқоршылық және қорғау секторының жетекшісі Жұлдыз Арелина.