Тоқтар Серіков өзі жақсы көретін өнердегі інісі Нұрболат Абдуллиннің елді шулатқан клипіне қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.
Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченко:
“Қазіргі әншілер жақсы ән шығарамын деп, бейнебаянға келгенде қателік жіберіп жүр. Қазақтың керемет жігіттері дейміз. Ал бейнебаянды көрсең, ұялып қаласың. Өзіңіз көріп жүрген шығарсыз”, – деп әншіге сауал тастаған.
“Бір адамды жақсы көресің. Өнерін де, өзін де. Сен сондай бауырларымның бірін айтып тұрсың. Оларға күйе жақса, ақтап алғың келіп тұрады. Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Нұрболат Абдуллинді жақсы көремін. Бірақ, бұлардың жүрген жері айқай-шу.
Бір өкініштісі, мәдениеттен аспау керек. Мен түбегейлі қарсымын. Қытығыма тиді. Бірақ, мінін бетіне басқың келмейтін, жасытқың келмейтін бауырлар бар.
Нұрболаттың клипін өзім қарап шықтым. Сапа жағынан мін жоқ. Бірақ ана қыз баламен бірге сондай дүние жасамай-ақ қоюы керек еді. Ел даттаса бірге қосыламын. Ел жақтаса соның ішінде боламын енді”, – деп сөзін аяқтады Тоқтар Серіков.