Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Америка Ресейді еске түсіріп, Қытайға «әлемдік соғыс» жариялайды және Еуропаға оралады

231

Егер Джо Байден қараша айында жеңіске жетсе, онда ол көптеген жаһандық дағдарыстарға тап болады. Оның үстіне, олардың көпшілігі Дональд Трамптың президенттігінен туындаған немесе соның салдарынан шиеленіскен дағдарыстар.

Климаттың өзгеруі де алаңдатып отыр. Коронавирус бүкіл әлемдегі өмір мен экономиканы өзгертті. АҚШ одақтастарының сенімін жоғалтуда. Қытайдың ықпалы  барған сайын артып бара жатыр.

Обама әкімшілігіндегі Пентагонның бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Дерек Чоллеттің айтуынша:

«Байден 1945 жылдан бері қарай болған ең хаотикалық халықаралық жағдайға тап болады».

Байденнің екі қыры

Джо Байден. сурет: Spencer Platt/Getty Images

Жақсы жаңалық — Байден америкалық сыртқы саясат машинасын құруға тырысады. Ол ұзақ жылдар бойы сенаттың Халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Содан кейін вице-президент ретінде қызмет етіп, Барак Обаманың әлемге  қарым-қатынасының негізгі аспектілері бойынша кеңесші болды.

2012 жылы Foreign Policy-лік Джеймс Тауб былай деп жазды:

«Сыртқы саясатта Байден тікелей ізбасары Дик Чейниді қоспағанда, АҚШ-тың тарихтағы ең ықпалды вице-президенті деп толық сеніммен айтуға болады».

Байден Джордж Бушты қоспағанда, сыртқы саясатта теңдесі жоқ түйіндемемен қызметке кіріседі»,

— деді Байденнің Конгресстегі бұрынғы кеңесшісі Джеймс Рубин.

Коронавирус Қазақстандағы мемлекеттің рөлін қалай өзгертті

Бірақ бір жаман жаңалық та бар.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, Джо Байден ешқашан әлемдік аренада табысқа жеткен емес деген пікірде. Сыншылар дәл оның Американың Ирактағы соғыстан кейінгі проблемаларын ушықтырып, авторитарлық жетекшілерге тым жақындағанын айтады. Оның үстіне, ол ешқашан конгресте мойындалған сыртқы саяси жетістіктерге ие болған емес. Айтқандарының бәрі көбінесе ниет етумен ғана аяқталды. Сондықтан

Байденнің АҚШ-ты жаһандық шұңқырдан шығару қабілетін сарапшылар өте төмен деп бағалайды

Вашингтон университетінің профессоры Дэниел Бесснер: «Ол біздің заманымыздың қаһарманы бола алмайды, — деді. –

Менің ойымша, прогрессивті сыртқы саяси идеялары бар біреудің орнына Байденнің билік басында болуы көңіл қуантпайды»

Бірақ Байден Сопақша кеңсеге келсе, онда ол бірден қалжыған әлемді қалпына келтіру үшін маңызды қадамдар жасауға кірісуі керек. Алайда оны қалай жасайтыны анық емес. Оның сайлауалды штабы сыртқы саяси жоспарларды түсінуге мүмкіндік беретін сұхбаттардан бас тартты.

Бірақ Байденнің өзі және оның көмекшілері сыртқы саясат туралы көптеген мәлімдемелер жасады, ал бұрынғы вице-президенттің түрлі идеяларына азық ете алатын ұзақ тәжірибесі бар.

Климаттың өзгеруі және коронавирус

Байденнің командасы жаңа сайланған президент жұмысының алғашқы сағаттарын неден бастайтынын жасырмайды.

Біріншіден, ол АҚШ пен Париж арасындағы климаттық келісімді ұзартады. Американың келісімге қатысу мерзімі 2020 жылдың 4 қарашасында, сайлаудан кейінгі күні аяқталады. Трамп  2019 жылдың 4 қарашасында сайлау алдындағы уәдесін орындау  үшін Келісімнен шығу туралы шешім қабылдады. Ол АҚШ-тағы парниктік газдар шығарындыларының өсіп, жылдар бойы қол жеткізген жетістіктердің жойылғанына қарамастан осындай шешім қабылдады.

Ғылым коронавирустан құтқаруы керек еді, бірақ бізде ғылым жоқ

Сондай-ақ, Байден дереу коронавирус мәселесін шеше бастайды.

«Бірінші міндет — Ковидті бақылауға алу», —деді өткен айда оның сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Тони Блинкен.

«Ковидке қарсы» жоспар  көбінесе ішкі күш-жігерге, мысалы, қол жетімді тестілер мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізу көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ елдегі экономикалық құлдырауды қалпына келтіруге бағытталған. Сонымен қатар, Байден Трамптың АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығуы туралы шешімін жоққа шығаратынын мәлімдеді.

Байден АҚШ-тың вакциналар мен ауруға қарсы дәрі-дәрмектерді іздеудің жаһандық коалициясын басқарғанын қалайды. Көптеген сарапшы бұл тұжырымдаманы мақұлдайды, өйткені жаһандық күшті біріктіру салдарын азайта алады.

Байденге жақын адамдар оны алаңдататын мәселелер туралы айтады.

ковидке қарсы жаһандық күресті Қытай мен Ресей өз қолына алуы мүмкін, ал бұл АҚШ-тың беделіне нұқсан келтіретіні сөзсіз

Альянстар әлемді

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін демократтар мен республикашылар АҚШ-тың сыртқы саясатына ұқсас көзқарастарды ұстанды. Екі тараптың президенттері билікті «либералды халықаралық тәртіпті» қолдау үшін пайдаланды, бұл негізінен әлемге жұмыс істеуге көмектесетін экономикалық және саяси ережелер мен құндылықтардың жиынтығын білдіреді.

Қандай реформалар экономикаға коронавирусты жеңуге көмектеседі — сарапшы

АҚШ-тың мұны жасауда өз есебі болды. Еркін сауда мен либералды демократияны алға жылжыту Америкаға тауарларды сату нарықтарын қамтамасыз етуі керек еді. Сонымен қатар адал елдермен бірге жауларға қарсы одақ құруға болады.

Бұл ешқашан мінсіз жүйе болған емес және АҚШ өз жолында көптеген қателік жіберді. Жалпы алғанда, бұл орасан зор стратегия оларға жетекші әлемдік держава позициясын сақтауға көмектесті.

Қысқаша айтқанда, Байден қалпына келтіргісі келетін әлем осы. Ол одақтастардың сенімін және АҚШ-тың жаһандық масштабтағы әсерін қалпына келтіргісі келеді.

Бірақ бұл айтуға ғана жеңіл.

Байден Трамптың билігі кезінде жоғалған сенімді қалпына келтіруге мәжбүр болады. Мысалы, 2018 жылы Германия канцлері Ангела Меркель неміс елі бұдан былай әлемдегі тәртіпті сақтауда Америка Құрама Штаттарына сене алмайтынын айтты.

«Біз Америка Құрама Штаттарының супер державасына сене алмаймыз», — деді ол.

Сарапшылардың  Байден ең бастысы «Америка оралды» деп айтсам болды деп ойламауы керек дейді. Ол алдымен  АҚШ-қа қызығушылық танытатын барлық елдердің басшыларын тыңдау үшін сапарға шығуы керек.

Қытайға қарсы әрекет ету

Байденнің Қытайға қатысты қатаң риторикасына қарамастан, бұл  оның тізіміндегі ең басты проблема емес. Мәселе, АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастың ол үшін қаншалықты маңызды екенінде де емес. Байден АҚШ-тың Қытайды жеңіп, проблемалық Пекинге өз саясатын жүзеге асыруға кедергі келтіруге дайын коалиция құра алатынына сенімді.

«Біз демократиялық әлемді бұрынғысынан да берігірек біріктіруіміз керек», — деді Байден қызметкерлерінің бірі. — Бұл әлемді құтқаратын демократиялық одақ болады».

Ресей

АҚШ пен Ресей арасындағы қару-жарақты бақылау жөніндегі соңғы ірі келісім бірнеше айдан кейін аяқталады. Бұл Келісім екі елдің ядролық арсеналдарының мөлшерін шектейді, екі елдің қолында жердегі барлық ядролық оқтұмсықтардың 93%-ы бар. Мәміле 2021 жылдың 5 ақпанында аяқталады.

Трамп келісімді ұзарту мүмкіндігі туралы барлық мәселелерден ашық түрде қашқақтап жүрді.

«Біз қақтығыстың одан да үлкен қаупін тудырамыз, ол әр елді, мүмкін тіпті планетамызды да жоя алады», — деді бұған дейін ЦРУ директоры және президент Обаманың кезінде Қорғаныс министрі болған Леон Панетта.

Бұлай алаңдаудың себебі бар, өйткені АҚШ та, Ресей де ядролық мүмкіндіктерін одан әрі шектеуден бас тартты.

2018 жылдың ақпан айында АҚШ ірі кибершабуыл сияқты ядролық емес соққыларға жауап ретінде  қуаты аз ядролық қаруын ұшыратынын мәлімдеді.

Ал 2018 жылдың наурызында Путин ресейліктердің алдында сөз сөйледі, ол планетаның кез келген нүктесіне соққы бере алатын ядролық қондырғысы бар жеңілмейтін круиздік зымыранның құрылғанын айтып мақтанды.

Байден жаңа ҚШС келісімшартының мерзімі ресми түрде аяқталғанға дейін қызметке кіріседі және оны ұзарту міндеттемесін өзіне алды.

Солтүстік Корея

Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен үш саммит өткізіп, тарихқа енді. Бірақ кездесулер көпшіліктің көңілін аударғанына қарамастан, олардың мазмұндылығы төмен болды. Нәтижесінде Пхеньян өзінің ядролық жетістіктерін тоқтатпады, керісінше  тездетті.

Осылайша, Трамптың жеке дипломатияны қолдану әрекеті сәтсіз аяқталды. Оның көзқарастарымен таныс, Байденнің бұрынғы көмекшісі былай деді:

«Байден Трамптың Солтүстік Кореяны ядролық қарудан құтқару әрекеттеріндегі қателігін қайталамайды».

Байденнің «қателіктерді қайталамау»  үшін қалай жұмыс істейтіні әлі белгісіз, бірақ Корея ол үшін ең үлкен проблемалардың бірі болатыны анық.

Американың соғыстары

Америка 2001 жылдан бері қарай үнемі соғыс жағдайында екенін естен шығармау керек. Мыңдаған америкалықтар қайтыс болды, триллион доллар жұмсалды. АҚШ әлемдегі жағдайды керісінше нашарлата түскен секілді.

Ауғанстанды талибан басқарады. Бағдад үкіметі Иранға жақындады, ал Ирак халқы ашық  түрде АҚШ-тың оның істеріне араласуын тоқтатуға шақырады.

Сондықтан АҚШ-тағы екі партиялық қозғалыс «бітпейтін соғыстарды» тоқтатуды талап ететіні таңқаларлық емес. Егер Байден президент болса, мұны істеуге мәжбүр болады.

Вашингтон университетінің профессоры Бесснер: «Американың әскери қателіктерін жоюдың уақыты келді», — деді.

Байден соғысты тоқтатуға қарсы емес сияқты. Өз сөздерінің бірінде ол былай деді:

«Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы соғыстаан кейін біз әскерлеріміздің басым көпшілігін үйге қайтарып, миссиямызды Әл-Каида мен ИШИМ-ге аударуымыз керек. Біз Сауд Арабиясы басқаратын Йемендегі соғысты қолдауды тоқтатуымыз керек», —деді ол.

«Шешілмейтін қақтығыстарда болу біздің назарымызды қажет ететін басқа мәселелерді басқару қабілетімізді бұзады және америкалық биліктің басқа құралдарын қалпына келтіруге кедергі келтіреді».

Алайда, ол мұны қалай істейтіні де белгісіз. Кем дегенде, Таяу Шығыстағы одақтастарды жоғалту керек.

Байденнің айналасындағы дереккөздің айтуынша:

«Ол біздің Қарулы Күштеріміздің мемлекеттік құрылыстағы өзгергіш рөліне сенбейді» және «Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы араласуға күмәнмен қарайды».

Кейбір сарапшылар ең алдымен Байден қорғаныс шығындарын азайтады және жаһандық денсаулық сақтау мен Ел ішіндегі экономикалық проблемаларға назар аударады деп күтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз