Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Алтынай Жорабаева Ким Кардашьянға еліктеп жүр ме?

361
Сурет: 365 info.kz коллажы
Алтынай Жорабаеваның толық пішініне қарап оқырмандары оны Ким Кардашьянмен салыстырады. Олар әншінің сыртқы келбетіне қызыға да қызғана да қарайды. Алайда мұндай салыстыру Алтынайдың көңілін көтермейді. Әнші сыртқы пішіні мінсіз болуы үшін, ол тағы 20 килограмм тастауы керек деп мойындады.

«Уһ шіркін-ай! Негізі менің салмағым 73 килограм. 27 шілдеде өтетін концертіме дейін 55 кг дейін арықтауым керек. Себебі менің бойым 156 сантиметр», — деп Алтынай өзінің жоспарларымен бөлісті.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Жақында әртіс өзінің “фигурасын” көрсетіп видео жариялаған болатын. Қысқа роликтен  қызыл көйлек киген Жорабаеваның дәлізде салтанатпен жүріп өткенін көруге болады. Оқырмандары әншіге мақтау сөздер айтып, жағымды пікірлер қалдырды.

Олардың көбі Алтынайға арықтамаңыз, сізге осы “фигураңыз” керемет жарасады деп кеңес берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз