2020 жылға дейін 6 ұлттық компанияның акциялары IPO арқылы сатылады.
Алдымен Air Astana мен «Қазатомөнеркәсіп» сатылымға шығарылады. Екінші кезеңде «ҚазМұнайГаз» бен «Самрұқ-Энерго», ал соңында «Қазпошта» және «Қазақстан Темiр жолы» компанияларының акциялары саудаланады
деп хабарлады „Хабар-24„ телеарнасы.
Берік Бейсенғалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі:
– Акцияларды орналастыру алаңы әзірге анықталған жоқ. Бірақ қор «Астана» халықаралық қаржы орталығына басымдық беріп отыр. Ал акциялардың бағасын нарық анықтайтын болады. Яғни компаниялардың дайындығы мен шикізат ресурстарының құнына байланысты. Үнемі IPO кезінде компанияның қаржылық жағдайы, оның даму келешегі жөнінде ашық айтылады. Сатылымға шығарылатын кәсіпорындар жөнінде есеп жүргізіліп отырады.