Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Алматының бұрынғы әкімі мен әйелі сотталды

240

https://kaz.365info.kz/tosekte-khandyrmajdy-saken-tikelej-efirde-artykh-ketti-video-335131

Үш айдан астам уақытқа созылған сот тыңдалымын бүкіл ел бақылады. Бүгінде соңғы жылдардағы ең шулы және ең талқыланған істің біріне нүкте қойылды.

Сот шешімі бойынша Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов 17 жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның жұбайы Лейлә 14 жылға. Бұл іс бойынша оның күйеу баласы Айяр Ілиясовқа 5 жыл берілді. Бірақ, ерлі-зайыптылар сырттай сотталды. 12 жыл бойы шетелде қашып жүрген Храпуновтар ақыры сотқа келмеді.

«Виктор Храпунов жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге қылмыстық-атқару жүйесінің ең жоғарғы қауіпсіздік мекемесінде 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол ұлттық банк, қаржы мекемелері, мемлекеттік ұйымдар мен басқа да мекемелерде қызмет атқару құқығынан айрылады» -деді Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Қасым Қалмағамбетов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз