Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда трамвай дәуірі аяқталды

2015 жылы 21 қыркүйекте жолаушысыз трамвай 14 автокөлікті жолдан ығыстырып шығарды. Жол апатынан төрт адам зардап шекті. Дәл осыған ұқсас оқиға 13 қазанда қайталанды. Көше бұрылысында жолдан шығып кеткен трамвай оннан астам автокөлікті зақымдады. Екі адам зардап шекті.

Осы оқиғалардан соң Алматы әкімі трамвай паркіне барып, оның жұмысына көңілі толмайтынын білдірді. Трамвайлардың жолдан шығып кетуі жиілеген: 2015 жылы осындай оқиға 43 мәрте тіркелген. Комиссия рельстердің жарамсыз күйге түскенін анықтады. Оларды жаңартып, қосымша вагондар алу үшін миллиардтаған теңге қажет болады.

2015 жылы 31 қазанда Алматыда трамвай қозғалысы кемшіліктер түзетілгенше “уақытша” тоқтатылды. Осы уақытқа дейін кемшіліктер түзелмеген, өйткені қаражат бөлінбеген. Биыл шілде айында қаладағы бірқатар трамвай желілерін бұзып ала бастады.

Қала билігі он жылдан бері жылдам рельсті трамвай құрылысын салуға уәде беріп келеді. Ол 2020 жылы іске қосылып, күніне 62 мың жолаушы тасиды деп хабарланған. Бірақ оған қатысты нақты жоспар әлі жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз