Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда тал түбінен табылған 5 жасар бала жайлы тың дерек шықты

5 жасар Дінмұхамедтің өмірі қазір қыл үстінде. Дәрігерлер бүлдіршінді аман алып қалу үшін тиісті көмек көрсетіп жатыр. Алайда, қатты соққыдан бас сүйегі зақымданған оның беті бері қарар емес.

Дінмұхаммед Рузуддинов, Алматы қаласы балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

-Баланың жағдайы өте нашар. Бас миы соғылғаннан кейін ісік пайда болады. Ісігі бар. Әлі аппаратта. Бірақ ем қабылдап жатыр.

https://kaz.365info.kz/shygys-khazakhstanda-zejnetkerlerdi-gipnozben-aldauga-koshken-324418

Еске салсақ, Алматыдағы шығыс айналма жолында жоғарғы жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан белгісіз көлік жолға шығып кеткен баланы қағып кеткен еді. Артынша, жүргізуші өлім аузында жатқан бүлдіршінді кілемге орап, жол жиегіндегі ағаштардың арасына тастап кеткен. Дінмұхамедттің туыстары көлік иесінің әрекетін нағыз айуандыққа теңейді. Сондықтан кінәліні қатаң жазалау керек дейді.

“Адамдар иттерін де бұлай тастап кетпейді. Тас жүрек жүргізуші екен. Ол баланың өлгенін тілемесе, мұндай әрекетке бармас еді”, – деді баланың туысы.

Темір тұлпарды тізгіндеген адам табылса, оған тиісті жаза беру керек. Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіріп жатыр. Олар оқиға болған жердегі бейнебақылау камерасы арқылы жүргізушінің кім екенін анықтауда.

https://kaz.365info.kz/akhmolada-stansa-bastygy-paramen-ystaldy-324423

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз