Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда психиатриялық орталықтан қашқан үш жасөспірімның біреуі табылды

 

https://kaz.365info.kz/almatydagy-psihikalykh-auruhanadan-khashyp-ketken-ysh-zhasospirim-tabylmaj-zhatyr-332769

Алматы орталығында орналасқан Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығынан үш жасөспірім қашып кеткенін хабарлаған болатынбыз. 13,14 және 16 жастағы балалар сәрсенбі күні тəрбиешінің назары басқаға ауғанын пайдаланып, терезе арқылы қашып кеткен. Аурухана өкілдерінің айтуынша, балалардың симптоматикасында дромомания белгілері байқалған. Яғни, үйден қашып кетуге, кезбелікке бейімділік.

https://kaz.365info.kz/khyzylordada-eki-koshenin-tyrgyndary-sygyrajgan-shamnyn-zharygymen-otyrgandaryn-ajtady-333197

Ал орталықтың медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімінің басшысы Ажар Әбееваның айтуынша, аталған дерек бойынша ішкі тексеру жүріп жатыр.

«Клиникалық протоколдан негізсіз ауытқу дерегі болды ма, әлде қызметкерлер тарапынан өз міндетін атқаруда өзге кемшіліктер жіберілді ме, сол мәселелер қаралады. Осы тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда сәйкесінше шара қабылданады. Бұл жағдайда ішкі тәртіп бұзылған.

Менің ойымша, тәрбиешінің назарын әдейі басқаға бұрып, ұрымтал тұсты пайдаланған жасөспірімдер шығып кеткен. Балалардың бірі инициатор болып, қалғаны оның артынан еріп кетуі мүмкін», – деді Ажар Әбеева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз