Шілде айында пневмониямен ауырған алматылықтардың саны маусым айымен салыстырғанда екі есеге, 480-ге дейін төмендеді.
—COVID-19 коронавирус пандемиясы жалғасуда. Сонымен қатар, осы ауруды жұқтырғандармен қатар қала стационарларына пневмониямен ауыратын науқастар түсуде. Жыл басынан пневмониясы бар 6175 пациент емделді. Бүгінгі күні жағдай тұрақты. Ауруханаға жатқызу саны 2 есеге азайды және тәулігіне 133-тен аспайды, – деп атап өтті Надыров.