Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Алматыда коммерциялық банктер, сауда орталықтары мен кинотеатрлар жабылды

Қалада «Мега Центр», «Есентай молл» сауда орталықтары, Dostyk Plaza СОСО, «Алмалы» СОСО, Silk Way СО, «Технодом» дүкенінің барлық желілері, қала орталығындағы кинотеатрлар жабық. Азық-түлік дүкендері, кейбір валюта айырбастау орындары да жұмысын тоқтатты.

Бүгін Алматыда белгісіз біреулер қаланың бірнеше ауданында оқ ата бастады. Полицейлер мен белгісіз адамдар арасында атыс болды. Қалалық Ішкі істер департаментінің ақпаратынша, полицейлер арасында қаза тапқандар бар. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды. Қалада террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз