Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
17
USD
465
0.00
EUR
537
0.00
RUB
5.54
0.00

Алматыда кептелісті азайту үшін тұрақ ақысын сағатына 1 000 теңгеге көтеру ұсынылды

Экономист автотұрақ орнын жылжымайтын мүлікті жалға алумен салыстырды. Оның есептеуінше, Алматыда шамамен 10 шаршы метр тұрғын үйді ұзақ мерзімге жалға алу орта есеппен тәулігіне 2 000 теңгеге түседі. Ал қала орталығында қысқа мерзімді жалдау құны 5-8 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ал көлікті таңғы 8:00-ден кешкі 19:00-ге дейін көшеде небәрі 1 100 теңгеге қалдыруға болады.

«Қоғамдық кеңістік жеке кеңістіктен қымбат болуы керек. Үш сағат бойы бір тұрақ орнының бос болмауынан маңайдағы кофехана, дәмхана, дүкендер мен сервис орталықтары 5-8 клиенттен қағылады. Адам шай ішіп, кейін 300 теңге төлейді, ал қала мен бизнес мыңдаған теңге жоғалтады», – деп есептейді экономист.

Құсайыновтың пікірінше, тағы бір мәселе – жүргізушілер бос тұрақ іздеп, жолдың оң жақ жолағымен баяу жүреді. Бұл жерде такси жүргізушілері де тоқтайды. Ал жол жиегіне қойылған көліктер жолдың тұтас бір жолағын алып қояды.

Соның салдарынан басқа көліктер кварталдарды айналып өтуге мәжбүр болады, жүргізушілердің уақыты көбірек кетеді, ал көліктерден шығатын зиянды қалдық көлемі артады.

Экономист қала көлік қозғалысын шектеп, арнайы жолақтар енгізіп, көшелерді тарылтып жатқанымен, таңертең көлігін қойып, бірнеше сағаттан кейін ғана қайта алатын жүргізушілер үшін арзан тұрақты сақтап отырғанын әділетсіз деп есептейді. Оның пікірінше, тұрақ ақысы сағатына 1 000 теңгеге көтерілсе, көптеген адам бірнеше сағатқа көлік қалдыру қажет болған жағдайда автобус немесе метроны таңдауға көшеді.

«Жұмысқа немесе ұзақ кездесуге бара жатсаң, метроға не автобусқа отырған тиімді: 2-8 мың теңге – айтарлықтай сома. Бос тұрақ орындары пайда болады, көлік іздеп қосымша 15 минут айналмайсың, қозғалыс жылдамдайды, ауа тазарады», – деді сарапшы.

Экономист мұндай шешім міндетті түрде жаппай наразылық туғызады деген пікірмен де келіспейді. Оның пайымдауынша, бос жолдар, керісінше, такси жүргізушілеріне, курьерлерге, автобустарға және бизнеске тиімді болады. Қаланың орталығында тұратын тұрғындарға да үйлерінің маңында көлік азайса, жағдай жеңілдейді деп есептейді Құсайынов.

Ал қымбат тұрақтан түсетін қаржыны ол Алматы бюджетіне түсетін қосымша әрі әділ кіріс деп атады. Экономист қазіргі сағатына 100 теңгелік тарифті қала жерін пайдаланғаны үшін тым төмен төлем деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз