Алаяқтық жасаған алматылықты қаланың полицейлері іздестіріп жатыр.
Полицейлер соталды тергеу материалдары бойынша 36 жастағы ер адамға бірден бірнеше фирманың өкілдерін алдаған деген айып тағуда деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат.
«Ол компанияға күзет фирмасының өкілі ретінде кіріп, нысандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шарт жасасқан. Содан соң алдын ала ақша алып, бой тасалап отырған. Бүгінде біздің өндірісте азамат Богачевтің заңсыз әрекетіне қатысты 6 арыз жатыр. Қазір оның осындай басқа да алаяқтықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Осыған байланысты осы адамды танитындар болса, 254-47-00 және 254-47-01 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз», – деп хабарлады Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.