Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-19
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматыда FIFA™ әлем чемпионаты кубогын көруге жүздеген жанкүйер жиналды

Іс-шараға қызығушылық рекордтық деңгейде болды — акцияға 3500-ден астам адам қатысты. Салмағы 6,142 кг болатын, таза алтыннан жасалған FIFA™ Әлем чемпионатының түпнұсқа кубогы бірнеше сағат бойы Республика сарайында көпшілік назарына ұсынылды. Дәстүр бойынша трофейге тек әлем чемпиондары мен мемлекет басшылары ғана қол тигізе алады.

«140 жылдан бері Coca-Cola жай ғана сергітетін сусыннан әлдеқайда кең ұғымды білдіреді. Ол — оптимизмнің, ортақ қуаныштың және күштің мәңгілік символы. Футбол секілді, Coca-Cola да шынайы эмоциялар сыйлап, күнделікті өмірде де, ең ерекше сәттерде де сиқырлы әсер қалдырады. Футболдан әлем чемпионаты бүкіл әлемдегі жанкүйерлерді біріктіріп жатқан сәтте, Coca-Cola футбол сыйлайтын қуаныш пен ләззатқа толы әрбір мезетте жаныңыздан табылады. Кока-Кола, Спрайт, Фанта сынды танымал брендтерден бастап, Пико, ФьюзТи, Бонаква және Швепс сусындарына дейін — әр сәтке сергектік пен қуат сыйлайды», –  деді «Кока-Кола Қазақстан» ЖШС бас директоры Серкан Дилек.

ҚР Футбол федерациясы турдың елдегі футбол мәдениетін дамытуға қосқан үлесін атап өтті, ал FIFA өкілдері 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында өтетін және әлемнің 75 қаласын қамтитын маршруттың халықаралық маңызын ерекше атап өтті.

«FIFА футболдан әлем чемпионатының түпнұсқа кубогын және әлемдік футбол аңызын Алматыда қабылдау –  қаламыз үшін үлкен мәртебе. Алматы дәстүрлі түрде Қазақстанның спорттық өмірінің орталығы болып саналады, ал басты футбол трофейінің келуі қаланың ірі халықаралық спорттық іс-шараларды өткізу алаңы ретіндегі мәртебесін нығайта түседі. Бұл жай ғана іс-шара емес – жастарға шабыт сыйлайтын, спорттың адамдарды біріктіретінін, мінезді қалыптастырып, үлкен жетістіктерге жетелейтінін айқын көрсететін маңызды оқиға. Спортты және спорттық инфрақұрылымды дамыту — әкімдіктің басты басымдықтарының бірі. Біз спорт саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін заманауи нысандарды жаңғырту және салу бойынша кешенді бағдарламаларды іске асырып келеміз», – деді Алматы қаласының әкімдігі.

Турды ұйымдастыру Coca-Cola, FIFA, ҚР Футбол федерациясы, Алматы қаласы әкімдігінің ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. Алматыдағы көрсетілімнен кейін футбол символы халықаралық сапарын жалғастырады.

Анықтама:
Coca-Cola компаниясы 1976 жылдан бері FIFA серіктесі және FIFA World Cup™ Trophy Tour турының эксклюзивті ұйымдастырушысы болып табылады. Кубок FIFA-ның Цюрихтегі мұражайынан тек тур аясында және әлем чемпионаты кезінде ғана шығарылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз