Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда денесі бөлшектелген марқұм жерленіп, оның нақ кім екені анық болды

Келесі күні оның бөлшектенген денесі тұрғынүй ауласындағы қоқыс жәшігінен табылған болатын. Әрбір дене мүшесі жеке-жеке пакеттерге салынып, барлығы бір сөмкеге жиналыпты.

Сараптама орталығының мамандары өлім алдында марқұм аяусыз соққыға жығылған дейді. Қанды қылмыс себебін қазір полиция анықтап жатыр.

Еске сала кетелік, 7-қыркүйекте Алматыда таң атпай көпқабатты үйлердің маңындағы қоқыс жәшіктерін ақтарып жүрген үйсіз-күйсіз ер адам қоқыс арасынан шыққан спорттық сөмкені ашып қалғанда, алдынан адамның кесілген басы шыға келеді. Бас шамамен 20-30 жастағы жігіттің басына ұқсайды, сөмкеден тағы оның кесілген қол-аяғы шығады.

Шошып кеткен қаңғыбас көшеге шыға сала, кезіккен бірінші полиция экипажына болған жайтты хабарлапты. Кейіннен қоқыстан табылған ер адамның денесі бөлшектелген пәтер анықталды. Ол тәулікке жалға берілетін Абылайхан көшесіндегі үйлердің бір пәтері болып шықты.

Одан кейін марқұмның туған-туысы Кентау қаласынан іздеп келіп, оны таныды деген ақпарат тараған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз