Алматыда қоқыс жәшігінен табылған өлі адамның туған-туыстары анықталды. Олар жантүршігерлік оқиғаны естіп, Кентау қаласынан Алматыға келіп жетті.
Бүгін Алматыда аяусыз әрі аяуандықпен қорланған ер адамға қатысты жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Сот медициналық орталығы адам өлімінің басты себебі неден болғанын тек екі аптадан соң анықтап, жариялайтындарын айтты деп хабарлады КТК телеарнасы.
Шошып кеткен қаңғыбас көшеге шыға сала, кезіккен бірінші полиция экипажына болған жайтты хабарлапты. Кейіннен қоқыстан табылған ер адамның денесі бөлшектелген пәтер анықталды. Ол тәулікке жалға берілетін Абылайхан көшесіндегі үйлердің бір пәтері болып шықты.
Полиция қызметкерлері оқиға орнынан көптеген дәлелді заттарды тапқан. Тергеу ісі жалғасып жатқандықтан оның жай-жапсары, әзірге айтылмай отыр.