Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда бюджет қызметкерлеріне бір айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беріледі

123

Оның айтуынша, қала бюджетін үнемдеп жұмсау арқылы дәрігерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер, әлеуметтік жұмысшылар мен жағдайы төмен жандарды қолдауға қаржы бөлу мүмкіндігі пайда болды.

2016 жылы Алматыда жергілікті бюджеттен 123 миллиард теңге: жол айрықтарын оңтайландыру мен Универсиада мен құрылыс нысандарынан – 60 миллиард теңге, мемлекеттік-жеке серіктестік аясында әлеуметтік нысандар тұрғызу мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – 56,5 миллиард теңге, мемлекеттік сатып алулар бойынша – 6,5 миллиард теңге үнемделді.

Әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, жергілікті бюджет есебінен Алматының әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлері бір айлық еңбекақы көлемінде сыйақы алады, ал жағдайы төмен халық тобының әрқайсысына 50 мың теңгеден беріледі.

Соманың жалпы құны 6,2 миллиард теңгені құрады, оған 114,3 мың адам сыйақы алады. Сонымен бірге, жанұяның өзге де мүшелері ескерілгенде, 340 мың алматылық қамтылады.

23,4 мың 1, 2 топ мүгедектеріне – 1,2 млрд теңге;  4 мың көпбалалы анаға – 199,3 млн теңге;  4,9 мың мүгедек бала тәрбиелеп отырған жанұяға – 243,7 млн теңге; 19,2 мың ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне – 957,6 млн теңге.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз