Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
13
USD
476
+2.82
EUR
514
+5.03
RUB
5.4
0.00

Алматы облысының тұрғындары «судан нәжіс иісі шығады» деп шағымданды

Ауыл тұрғындарының су тапшылығына көніп келе жатқанына біраз жыл болды. Бесағаштағы 57 мыңға жуық тұрғынның 17 мыңында су жоқ. Шүмекте шылдырап лас су ағады. Ауылда орталықтандырылған су жүйесі жүргізілген, бірақ оның күші жылдан-жылға өсіп жатқан ауылға дым жетпейді. «Ауыл азаматтары мәселені суды заңсыз жалғап алған жеке кәсіп иелері ушықтырып отыр» дейді.

«Ауылға көшіп келгелі бері 5-6 жыл болды. Су мәселесі бітпейді.  Бүкіл бөтелкеге таза су толтырып, қаладан алып келе жатырмын. Кеше су іше алмадық, қап-қара, лайланып кеткен. Балаларым, немерелерімнің іші ауыра бастады», – деді Бесағаш ауылының тұрғыны Мейрамбек Мұхатов.

Су жүйесіне жауапты компания «әрине, бұрын істеген мердігер кінәлі» деп ақталды. Олардың сөзінше, құбырлардың бұрынғы иесі қыруар қаражат қарыз болған, құжат мәселесін шешу үшін уақыт керек. Ал оған дейін компания директоры халыққа тек су тасушы екі көлік бөліп беріп отыр.

«Проблема бар, су жоқ. Құбырдың бәрі ескі, дұрыс жасалмаған. Шешу жолын қарастырып жатырмыз», – деді мердігер компанияның директоры Жомарт Үмбетов.

Шарасыздың күнін кешіп отырған жұрттың жағдайын ауыл әкімі білсе де, апат болған күні экспертиза жүргізбеген. Әкімдіктегілер су мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі деп уәде етті.

«Медігер компания судың қысымын түсіріп, құбырды босатқан кезде, құбырларды ауыстырамыз», – деді Бесағаш ауылдық округінің әкімі Ернар Жүнісов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз