Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Қоғалы ауылында мектептің директоры оқу орнының қарауылын өзіне уақытша орынбасар етіп алмақ болған. Бірақ, бұл үшін 13 мың теңге пара талап етіпті.
Бірақ, күзетші пара берудің орнына құзырлы органдарға барып арызданған деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұл уақытта мектеп директорының орынбасары кезекті еңбек демалысында болғанын айта кету керек.
Тергеу материалдарынан белгілі болғандай, мектеп қарауылы директорының үстінен аудандық ішкі істер бөліміне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдеріне арызданған. Мектеп басшысы 13 мың теңге пара алып жатқан жерінен қолға түсті.
Кербұлақ аудандық соты педагогты алған парасының 5 еселенген көлемінде айыппұл төлеуіне (650 мың теңге) және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істемеуіне үкім шығарды. Сонымен қатар, ол мұғалімдік жұмыспен де айналыса алмайды.