Алматы облысында АН-2 ұшағы апатты жағдайда қонып, 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.
Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаевтың хабарлауынша, ұшақта ұшқыш пен техник болған. Күйік шалған ұшақ экипажы Бақанас ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.
Олардың бірі ауыр халде жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Балқаш ауданында жер өңдеумен айналысқан ұшақ жекеменшік компанияға тиесілі.