Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Алматы облысында 900 орындық мектеп ашылды

«Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қуанышқа кенеліп, жаңа мектепке кіргелі отырсыздар. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Бұл мектеп Елбасының тапсырмасымен үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында «Нұрлы» бағдарламасымен салынды. Келесі жылы үш ауысымда оқыту мәселесі толығымен шешімін табатын болады», – деді облыс әкімі А. Баталов өз сөзінде.

Аудан тұрғындары мен ата-аналар атынан Алматы облысының және Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы» Төленді Сарыбаев сөйлеп, жерлестеріне ізгі тілегін жеткізді. Мұнан соң мектептің құрылысын жүргізген «Артемида  ЛТД» ЖШС директоры Салман Асланов жаңа мектептің директоры Камшат Қыстаубаеваға ғимараттың кілтін табыс етеді. Жаңа білім ордасының табалдырығын аттаған талапты оқушыларға Өмірбеков Жақыпбек ақсақал бата беріп, балғындарға жарқын болашақ тіледі.

Айта кетейік, мектептің жалпы көлемі – 9859,4 шаршы метр. Ғимараттың  құрылыс жұмыстарына, құрал-жабдықтарына барлығы – 1 476,1  млн. теңге, оның ішінде Ұлттық  қордан 1 330,0 млн. теңге, жергілікті  бюджеттен 146,1 млн. теңге бөлінген. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен қосымша тағы 34 млн. теңге қаражат қарастырылған. Қазір мұнда 60 ұстаз қызмет етеді. Бүгінгі күні мектеп 750 оқушымен толықтырылып, 30 сынып жиынтығы бекітілген.

2b1cef72607ec5e2cc1476538a95d781_l

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз