Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматы әуежайында оқ-дәрі алып өтпек болған әйел ұсталды

366

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында тауып алған оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 2018 жылғы 31 мамыр күні сағат 13:00 шамасында А. Алматы қаласының «Жұлдыз-1» ықшам ауданындағы «Балнұр» сұлулық салонының жанынан жерден бір дана оқ тауып алып, сөмкесіне салған.

Сол күні, сағат 13:50 шамасында А. Астана қаласына ұшу үшін әуежайға келеді. Сағат 14:15-де әуевокзал ғимаратындағы тексеру аймағынан өту барысында рентген аппараты әйелдің сөмкесінде патрон бар екенін көрсеткен. Сарапшының қорытындысы бойынша, ол әскери патрон екені әрі атуға жарамды екені анықталды.

Сөйтіп, А. оқ-дәріні заңсыз иемденіп, сақтап және тасымалдаған. Сот отырысында сотталушы А. өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Сот үкімімен А. Қазақстан Республиксының Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді. Үкім заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз