Синоптиктер Қазақстанда 11-13 сәуір күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді.
Қазгидрометтің мәліметінше, соңғы күндері ауа-райы жылынғанымен, оның қайта сууы бек мүмкін.
“Қазақстанның батыс облыстарында орналасқан циклон солтүстік-шығыс бағытында жылжып келеді. Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа-райы осы циклонға байланысты күрт бұзылады. Аспан бұлтты болып, жауын-шашын күтілуде, көбіне жаңбырлы, кей жерлерде желдің күші 15-25 м/с дейін болады деп болжануда. Температура төмендегенімен, ол қалыпты нормадан 3-6 градус жоғары болып қала береді”, – деді синоптиктер.