Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алаяқтықтың жаңа түрі. Мұқтаж жанды Интернет арқылы тонаған Петропавл тұрғыны ұсталды

Интернетте өз атынан әлдебіреудің баласының еміне ақша жинап жүргені туралы Петропавл тұрғыны Владислава Савельева полицияға келіп, арызданған. Анықтай келгенде, жас келіншек алдында «ВКонтакте» және «Одноклассники» әлеуметтік желілерінен топ ашып, өзінің басындағы ауыр жағдайды сипаттайтын сурет пен видеоларды жариялағаны белгілі болды. Тіпті, республикалық телеарнаның біріне өз баласының дерті туралы сюжет те шыққан екен. Барлық жерде баланың емі үшін телефон нөмірі мен банк есеп-шоттың нөмірлері жарияланған.

«Қараша айының соңында менімен байланыстағы бір адам әлеуметтік желіде менің атымнан баланың емі үшін ақша жиналып жатқанын хабарлады. Бірақ ол парақшалардың маған ешқандай қатысы жоқ еді. Біз ол парақшаларды ашып көрдік. Расында, ол арада біздің суреттер, видео жүктемелеріміз болды, бірақ банктік есеп-шоттың нөмірі мүлде бөтен», – деді Владислава Савельева.

Осы жайттан соң Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері қалалық ішкі істер департаментімен бірлесе отырып, Петропавлда бірнеше шұғыл іздеу шараларын өткізді. Нәтижесінде алаяқтыққа қатысты күдіктінің аты-жөні анықталып, ол ұсталды.

Қазір аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу істері басталып кетті.

Бұрын сотты болмаған Петропавлдың 20 жастағы азаматы өз айыбын мойындады. Ол «ВКонтакте» желісінде бала еміне қатысты жарнамаларды тауып алып, видомонтаж арқылы ондағы электронды әмиян мен банк шоттары нөмірін ауыстырғанын растады. Ақша аударғысы келетін адамдарға ол науқас баланың ағасы болып танысып отырған. Ол осы мағынадағы бір емес, үш жарнаманы өз пайдасына пайдаланғанын айтты. Оның айтуынша, бір ай ішінде жанашыр Қазақстан азаматтары шотқа кем дегенде 50 мың теңге аударған.

Полиция қазір осы алаяқтық әрекеттен зардап шеккендерді анықтап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз