Семейде көпқабатты тұрғын үйдің 12-ші қабатынан секірген келіншекпен бірге баласы да құлаған. Өкінішке қарай, 44 жастағы әйел мен оның 8 жастағы ұлы алған жарақатынан сол жерде тілге келместен көз жұмды.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Қайғылы жағдай, 14 қабатты тұрғын үйде болған. Анасы мен баласы осы көпқабатты баспананың 12-ші қабатында екеуі ғана тұрыпты. Кеше таңда 44 жастағы келіншек өз пәтерінің балконынан 8 жастағы ұлымен бірге секіріп, екеуі де көз жұмды. Көрші- қолаң бұл екеудің өздеріне қол салғанына сенбей отыр.
«Жатқызып істеді». Түркістанда 13 жасар баланы құрдастары зорлаған (видео)
“Маған 7- де көршім хабарласты. Қарасам анау арада бір кішкене бала жатыр екен. Үстінде киімі бар. Ал әйелді көргем жоқ” дейді көршісі.
Тимур жергілікті №7 мектеп лицейінде оқыған. Биыл жеткіншек небәрі екінші сыныптың табалдырығын аттапты. Ұстаздары оны мектепке үнемі анасы ғана әкеліп жүргенін айтады. Ал бала өз ортасында белсенді және сабақ үлгерімі жақсы болған дейді.
“Тәртібі мен білімі жағынан өте жақсы оқушы болды. Тәртібі жағынан ешқандай бұзақылық танытпайтын. Сабақты қанағаттанарлық бағамен оқитын оқушы болған”, дейді №7 мектеп- лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Шымкентте камераға түсіп қалған педофил жайлы жаңа мәлімет шықты
Баласы 12-ші қабаттан анасымен бірге секірді ме әлде оны шешесі өзімен бірге ала кетті ме, бұл жағы белгісіз. Мұндай сұмдық қадамға баруға не себеп екені де әзірге беймәлім. Қазіргі уақытта, полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың ақ-қарасын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал көрші-қолаң жалғызбасты ананың ақыл-есі дұрыс болғанын айтады.