Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
5
USD
424
-1.11
EUR
498
-0.80
RUB
5.82
-0.03

“Ал мен күйеуге тиіп алдым!” Ақбота өзіне қатысты шулы видеоға түсініктеме берді

111

Ақбота өміріндегі қосағын тауып, бас қосыпты. Өзін бақытты сезініп, өмірінің ең қызық сәтін өткеріп жатыр екен. Сондықтан әлеуметтік желіде ел талқылап жатқан видеоны Ақбота „маған түк әсер еткен жоқ„ – дейді.

«Ол жағдай үш немесе, төрт жыл бұрын болған. Нақты есімде емес. Менің қасымда әріптестерім де болды. Барлығымыз Талдықорған қаласына тойға шақырту алғанбыз.

Той ұйымдастырушы жігіт, өзімнен 4 жастай ма кіші болса керек, жас бала. Күтіп алған сәттен-ақ, амандық-саулық сұраспады.

Мен қасымдағыларға, ана жігіттің бізді менсінбей тұрғанын айттым. Ондай адамдарды пасық дейді. Сосын, көлікте осы туралы сөйлесіп, арамызда түсініспеушілік туындады. Түсініспеушілік дегенде ұрыс ештеңе болған жоқ. Тек ана жігіттің адамдық қасиетіне күмәнім болды. Содан той болды, әнімізді салдық. Кетейік десек, ақымызды бермейді. Ол жерде тек мен емес, барлығымыз гонорарымызды әрең алдық деп айта аламын. Иә, шу шықты», – дейді әнші.

Видеоны тамашалаған жұрт түрлі пікірлер жазды. Кей оқырман әншіні ішімдік ішкен деп те ойлапты.

– Мен әрине адал еңбегім үшін күрестім. Менің табысыма қарап отырған балаларым бар. Тойға шыққаным үшін ешкімнің алдында айыпты емеспін. Келісім бойынша 3 мың АҚШ долларын төлеуі керек болған. Мүмкін менің ақымды сол ұйымдастырушылар әуреге сала отырып, иемденіп алмақшы болған шығар. Ол – менің адал еңбегім. Сондықтан талап етуге құқылымын. Ал, мені ішімдік ішті деп әңгіме ету дұрыс емес.

Ол адамның жеке басының ісі. Одан қалса видеода мен аяғымнан тұра алмай, ұятты қылық жасап тұрған жоқпын. Оны жасырын түсіріп алған жігіттерде де ұят жоқ екен. Оларды Аллаға тапсырдым, жазаларын өзі берсін. Ол кісілерге айтарым, біреуге ор қазғанша, өз амандықтарын тілеп жүрсе екен. Мен тек балаларымның болашағына алаңдаймын. Олардың тәрбиесіне осындай дүниелер кері әсерін бермесе екен деймін.

Сондықтан да, халқым, бір затты көргенде ақиқатын білмей жатып, жамандыққа жорып, таратуға асықпаңыздаршы

, – дейді әнші.

Ақбота Керімбекова бұл видеоны түсірген әрі таратқан адамдарды іздеп, жазаға тартуға да уақытын қимайтынын айтты. Себебі, әнші қазір бос уақытын отбасына, қуанышты сәттердің қызығына бөлгісі келеді. Ақботаның өміріндегі жұрт болжаған жаңалық та рас болып шықты.

«Иә, жұрттың шулайтынындай бар, расымен де мен теңімді тауып, тұрмысқа шықтым. Сіздерге бірінші рет айтып отырмын. Тойымыз әлі болған жоқ. Алдағы оразадан кейін, жақын адамдарымыздың ортасында атап өтуді жоспарлап жатырмыз», – деді әнші.

Жұрт бұған дейін Ақбота мен Абай Бегейдің дуэттері мен суреттеріне қарап, оларды қосып та үлгерген болатын. Әншіден күйеу жігіттің кім екенін де сұрап көрген еді.

– Біз Абай Бегей екеуміз өнерде жақсы әріптеспіз, жақсы доспыз. Бірақ менің жарым мүлде басқа адам.

Әрине өнерге қатысы бар. Бірақ ондай танымал емес. Есімі Рауан болады”, – деді әнші.

https://www.youtube.com/watch?v=ZbZcANaBq8g

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз