Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтөбедегі дәрігерлер жындыханада көршісін буындырып өлтірілген әйелдің ісін жасырмақ болған

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Адам өліміне қатысты бұл сот отырысына айыпталушы қатыспайды. Келген күннің өзінде берген жауабының ешқандай күші жоқ. Өйткені жынды деген қағазы бар. Ақыл-есі кем адамдарға арналған интернат-үйде емделіп жатқан 28 жастағы Марина Солдатова палатасындағы көршісін орамалымен буындырып өлтірген. Ыңырсып ұйқысын қашырған науқастың ауызына алдымен шүберек тығып, тыныштандырмақ болыпты.

“Сегізінші палатада жатқан Солдатова көршісінің ыңырсып, ұйқы бермегеніне ашуланады. Содан науқастың үстіне шығып, бетінен ұра бастайды. Керуетте ілулі тұрған жаялықты алып, аузына тыққан. Сосын орамалмен мойнынан  қылғындырады”,-деді мемлекеттік айыптаушы Дидар Әубәкіров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз