Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақтөбеде І топтағы мүгедек жандардың ерекше тойы өтті (фото)

353

 

І топ мүгедегі арбамен, кейде балдақпен қозғалады. Осыдан 20 жыл бұрын пойызда болған төтенше жағдайдан соң омыртқасына зақым келіп, екі аяғы қозғалмай қалды. Қазіргі уақытта қаладағы қоғамдық жұмыстарға араласып, мәдени-танымдық шараларға қатысады.

«Отағасы 1981 жылы қайтыс болып, бес баламды бақтым. Ұлдың үлкені Ерғұлан жұмыс істеп жүргенде пойыздан құлап, мертігіп қалды. 2000 жылдан бері арбаға таңылды. Қазір мүгедек ұлыммен бірге пәтер жалдап тұрамын. Бірінші қабатта болғанымен, баспалдақпен еңбектен жүріп, үйге кіреді. Біреуміздің ақшамызды пәтерге төлейміз, біреуміз азық-түлікке жұмсаймыз»,- деді Ерғұлан Шамшаттың анасы Гүлшат Мұғалова.

 

Шамшат әулеті 2005 жылы Қарақалпақстаннан Ақтөбе облысына қоныс аударды. Алдымен Алға ауданы, Тамды ауылына қоныстанып, кейін Ақтөбе қаласына орнықты.

«Ұлым үйленемін деген кезде қуанып, батамды бердім. Қазір жасым 80-де. Үй жұмысы маған да қиын»,- деді анасы.

Ерғұлан Шамшат Түркістан облысының тумасы Зибагүл Әбеновамен отау құрды. Тойда беташар жасалып, қонақтар келін қолынан шай ішті.

«Біз танысып, телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Кейін жолығып, өзінің сезімін, отау құру туралы ұсынысын айтты. Бірден келісім бердім. Әрі «мені де сүйетін адам бар екен» деген ой келді. Бақыттымын… Алғашында Ақтөбеге, алысқа келу қорқынышты болды. Бірақ қиындықты екеуміз бірге жеңеміз»,- деді Зибагүл Әбенова.

 

Ол жасөспірім шағында тұмаумен ауырып, асқынған кезде екі аяғынан жүре алмай қалған.

«Жыл сайын сауықтыру шараларынан өтіп, балдақпен жүруге мүмкіндік алдым. Қазір үй ішінше қабырғаға сүйеніп қозғаламын», -дейді Зибагүл.

Зибагүл – ісмер, қолөнер шебері. Енді ол көп уақытын көрпе тігіп, моншақпен түрлі бұйым жасауға арнамақ. Енді шаңырақ көтерген Шамшат әулеті тұрақты баспаналы болып, бір-біріне сүйеу болуды армандайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз