Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-7
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Ақтөбеде ер адам өзін өзі жарып, алған жарақаттарынан көз жұмды

Сағат 13.15-те ауруханада шұғыл ота басталды. Оған травматолог-хирург, тамырлы-хирург дәрігерлері мен жалпы профиль хирургы бар үш бригада қатысты. Кеуде және құрсақ қуысының жарақаты көп.

Өкінішке қарай, науқас кешкі 20 сағат 40 минутта қайтыс болды» – деді Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мамбетжанова.

Өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмған ақтөбелік туралы бұған дейін де хабарлаған едік. Марқұм 312 атқыштар дивизиясының құрамындағы жеке “ОПС секьюрити” күзет мекемесінің қызметкері болуы мүмкін.

Мекеме басшылары қазір орындарында жоқ. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-ші бабы 1-бөлігімен «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сот алды тергеу амалдары басталған.

Е

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз