Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтөбе облысында мектеп директоры мен досы суға кетті

321

https://kaz.365info.kz/astanada-adilet-polkovnigi-algan-parasyn-zhagyp-zhiberdi-335281

“Қайығы сосын үстіне киген киімі табылды бір адамның. Түнімен іздеу жұмыстары жағада жүргізілді. Одан кейін жексенбі күні жарық түскеннен бастап сүңгуірлер су астын тексере бастады”, деді жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы.

31 жастағы Бақтыгерей Тәжмағанбетов бұл ауылдағы мектепке бір жыл бұрын директор болып тағайындалған. Демалыс күні Ақтөбеде тұратын досы балық аулауға шығуға қолқа салыпты. Суға жүзе алмайтынын айтып бас тартқан екен. Әйтсе де, досының көңілін жықпай су қоймасына келеді.

Ақмола облысында жанармай құю бекетінде түсірілген сұмдық видео пайда болды

Жоғалған екі адамды іздеуге аймақтағы барлық сүңгуірлер мен кинологтар тартылды. Олар бұл маңды төрт күн бойына шолып шыққан еді. Әйтсе де, аман-есен табылады деген үміттері ақталмады. Қос достың өлі денесі су қоймасының түбінен табылды. Құтқарушылардың сөзінше ау салмақ болғанда қайықтары ауып кеткенге ұқсайды. Мектеп директорының жанында болған досы Нұржан Маханов Ақтөбедегі «Чайка» бессейінінде күзетші екен. Олар барған су қоймасының табаны терең, жеті метрге жетеді. Сондықтан мәйіттерді іздеуде сүңгуірлерге қиын болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз