Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақмола облысында жанармай құю бекетінде түсірілген сұмдық видео пайда болды

496

https://kaz.365info.kz/tyrkistan-oblysynda-er-azamat-korshilerine-okh-zhaudyrgan-335125

Осындай қарақшылық шабуыл жасалған жанармай бекеті қазір қалыпты тіршілігіне қайта көшіпті. Ал мылтықтың оқпантайы маңдайына тірелген кассир қыз оқиғаны есіне алғысы келмейді.

Жергілікті полиция күдікті ретінде Шортанды аудандық ІІБ уақытша қамау абақтысының бастығы Қуат Аманжоловты ұстап алыпты. 39 жастағы полиция капитаны кәмелетке толмаған үш баласы бар отбасылы адам екен. Ұсталған сәтте үйінен бетперде, екі аңшы қаруы, 60 оқ, 860 мың теңге ақша және бейнетаспадағы адамның киімдеріне ұқсас киімдер табылған.

“Қазіргі уақытта ол қолданған қару мен ұрланған ақша толықтай тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Біздің қызметкеріміздің заңсыз әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұраймыз”, деді   ҚР ІІМ баспасөз хатшысы.

Ол қазір осыған дейін өзі басқарып келген уақытша қамау абақтысына жабылып, шабуыл жасалған күні-ақ ішкі істер қызметкерлерінің қатарынан қуылған. Оған енді мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі туып тұр. Дегенмен, абақтының бастығы не үшін қарақшылық жасады деген басты сұрақтың жауабы белгісіз болып тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз