Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

АҚШ-тан жеткізілетін үйрек етінен сальмонелла бактериясы анықталды

«Сальмонелла жұқтырылған өнімді тамаққа пайдалану қолайсыз салдарға апарып соғуы мүмкін.

Атап айтқанда, Salmonella тектес бактериялар негізінен жүректің айнуын, құсу, әлсіздік, диарея, іштің ауыруын тудырып, асқорыту жолдарын зақымданумен сипатталады, уақыт өте келе адамның жағдайы нашарлауы мүмкін, мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу ұсынылады» делінгенн комитет таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта сауда объектісінен қауіпті өнімді алу бойынша шаралар қабылдануда. Сондай-ақ өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар жүргізіліп жатыр.

Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04 нөмірі бойынша, сонымен қатар комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады (әр өңірдің байланыс деректері kooz.dsm.gov.kz сайтында көрсетілген).

Айта кету керек, бұл үйрек еті Тараз қаласындағы «У. А. Қалымбетова» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Береке» дүкенінен алынған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз