Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ақмола облысында «Hopefull Grain & Oil Group» компаниясы дәнді дақылдарды терең өңдеу жобасын қаржыландырады

Жобаның қолға алынуы 2024–2025 жылдардағы екіжақты келіссөздердің нәтижесі деуге болады. Жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел (KGIR-2025) аясында Ақмола облысы әкімдігі мен «Hopefull Grain & Oil Group» компаниясы арасында дәнді дақылдарды терең өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру туралы стратегиялық келісімге қол қойылды.

Компания экологиялық таза технологияларды пайдалана отырып, дәнді дақылдарды терең өңдеуге бағытталған жоғары технологиялы агроөнеркәсіптік кешеннің құрылысына 1,5 миллиард АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр.

Жобаны іске асыру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде – жаңартылатын энергия көздерінен қуат өндіретін жылу электр орталығын (ЖЭО) салу көзделген. Екінші кезеңде – лимон қышқылын, глюкоза-фруктоза шәрбаттарын, биоэтанолды, мал азықтық және ақуызды концентраттарды өндіруге бағытталған дәнді дақылдарды терең өңдеу зауыты іске қосылады.

Бұдан бөлек, инвестор қажетті энергия, көлік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген индустриялық парк құру мүмкіндігін де қарастырып отыр.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі дәнді дақылдарды терең өңдеуді дамыту мен отандық өнімнің қосылған құнын арттыруға бағытталған маңызды жобаны іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын»,-деді вице-министр Ермек Кенжеханұлы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз