Ақмола облысында еріген қар суы аралық электр станцияны басып, бүтін ауыл жарықсыз қалды.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Sputnik Қазақстан хабарлады.
Есіл ауданының Знаменка ауылында Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 35/10 кВ аралық электр станциясын су басты.
“Аралық станцияны басқа судың көтерілу деңгейі – 80 сантиметр. Қазіргі уақытта электр станциясы желіден ажыратылып, тоқ беру тоқтатылды. Осылайша 460 адам тұратын ауыл электр жарығынсыз қалды”, — деп хабарлады төтеншеліктер.
Апат салдарынан 400 абонент судан ажыратылды. Ауылға сырттан су жеткізу ұйымдастырылды. Коммунальдық қызметтер жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.