Бүгінде кино саласына талантымен танылғысы келетіндердің саны азайған. Есесіне тәнімен танымал болуды көздейтін арулар саны күрт артқан. Бұл жайында белгілі продюсер Нұртас Адамбай «НТК» арнасына айтып берді.
Продюсердің айтуынша, отандық кинонарықта мұндай жағдайлар жиі кездеседі екен.
«Осыдан
біраз уақыт бұрын мейрамханалардың бірінде, егде жастағы режиссердың жас актрисамен отырғанын байқап қалдым.
Шынымды айтсам, өрімдей қызды аяп кеттім. Өйткені әп-әдемі ару үшін, өзінің әкесімен жасты адаммен оңашада тамақтанудың өзі ұят», – дейді Нұртас Адамбай.
Сондай-ақ продюсер «төсектес болсаң, таныласың» көзқарасының күл – талқанын шығарған. Ол өз фильмдеріне қабілеті бар, түр-келбеті рөлге сай келетін адамдарды ғана алады екен.
«Біріншіден, қабілет керек. Екіншіден, кейіпкерлерімізге түр-келбеті сай келіп, берілген тапсырманы бұлжытпай орындаса болғаны. Біздің команда да «Бәке, Сәке» немесе тамыр-таныс арқылы киноға түсу деген түсінік жоқ», -деді Нұртас Адамбай.
Айта кетейік, осыған дейін түсірген барлық фильмдері кассалық қорды мықтап жинаған продюсер, тағы бір фильмнің басты рөліне кастинг жариялауда.
Дереккөз: nur.kz
Тоқалы осы. Күйеуімнің жасырын отбасы бар екен, енді не істеймін? (фото)