Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

«Мені нәпсі құртты!». Бөтен еркекпен «болған» әйелдің мұңы

1248

Бірақ

түсініксіз себептермен мені оған бір күш тарта берді.

Оны көрген кездегі сезімдерім мен жан толғаныстарымнан қорқа бастадым. Себебі мен күйеуімнің көзіне шөп салуды ойыма да алмаған тұрмыстағы жас әйелмін. Бірақ, соған қарамастан, маған бір бөйтекі, әдепсіз, арсыз ойлар келе бастады. Әлгі еркекті жиі көргім келіп тұратын болдым.

Ақыры, бір күні кездесуіміз «тәуліктік» жайлы пәтерде жалғасты. Нақсүйерімнің маған деген ынтығы одан сайын қоздыра түседі. Не керек, өзімді баяғыдай, 20 жастағы қыздай сезініп, құштарлығым арта түсті. Құмарлықтың құлына айналып, айызымызды әбден қандырдық.

Енді, міне, жуынып, боянып, бойымды түзеп, түк болмағандай, үйде күйеуімді жұмыстан күтіп отырмын.

Күйеуімнің көзіне шөп салған соң, ешқандай да шешімге келе алмадым. Ішкі дүниемде арпалыс.

Не үшін олай істегенімді білмеймін. Күйеуім жаман адам емес, өзімді сыйлайды. Басқа әйелдер үшін ол нағыз сыйдың өзі болар. Ал мен бейбақ болсам, қайдағы бір қиялды, жаңа немесе басқа бірдеңені қалаған екем.

Бір рет алған әсерім жанға қанша жағымды болса да, ол өткінші нәрсенің күйеуімнің мейірімі мен сыйластығын айырбастай алмайтынын түсіндім. Қолда бардың қадірін білу керек екен. Ал үйдегі сүреңсіз өмірімізді жандандырып, шырайландыру менің қолымда екенін енді білдім. Міне, осындай оймен бүгін күйеуімнің жақсы көретін тағамын пісіріп, тәтті әзірлеп, дастарханды әдемілеп жайып, күтіп отырмын. Күйеуім, балаларыммен бірге «бап-бақытты» отбасымыз улап-шулап тамақ іштік.

Иә, мен жасаған ісіме қатты өкінемін, күйеуімнің жүзіне қарай алмай, өзімнен-өзім ыңғайсызданамын. Қалай ұмытсам екен бұл жағдайды? Көмек беріңіздерші».

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз