Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Тоқалы осы. Күйеуімнің жасырын отбасы бар екен, енді не істеймін? (фото)

343

Өзіммен қатар бөле әпкем мен ағам бар. Олармен жақсы тату болдық. Арамызда келіспеушіліктер болып жатқанның өзінде ата-анамызды араластырмауға тырысатынбыз. Бөлелерім қалада өскендіктен олар орысша сөйлейтін, мінездері де бөлектеу. Ауылдан қалаға келе салғанда маған олармен тіл табысып кету қиындау болды. Дегенмен уақыт өте келе достасып кеттік. Оқуымды оқып, жақсы жұмыс тапсам, еңбегімнің жемісін жеп, ата-анамды қуантсам деген арманмен жүрдім. Бірінші курсты үздік бітіріп, ауылға барғанымда анам мен әкемнің қуанышында шек болмады.

Екінші курса оқып жүргенде бөле әпкем тұрмысқа шықты. Туған-туыс жиылып Гүлмираның тойына бардық. Осы тойда мені бір жігіт қайта-қайта биге шақырып, жақынырақ танысқысы келетінін айтып, қасымнан айналшықтап шықпады.

https://kaz.365info.kz/tygi-zhokh-khara-zhymysshy-ajelimnin-vk-dagy-mahabbaty-sol-eken-273126

 

Бірақ мен оған мән бермедім. Өйткені, оның жасы менен біршама үлкендеу секілді көрінді. Кейін білдім. Бұл жігіт Гүлмираның күйеуінің туысқаны екен, яғни жездеміз Олжастың немере ағасы болып шықты. Тойдан кейін де мен Ержанды бірнеше рет кездестірдім. Ол Гүлмира мен Олжасқа еріп бірнеше рет үйге қонаққа келді. Бірақ мен онымен сөйлесуден қашқақтап жүрдім. Неге екенін білмеймін, соны көрсем өзімнен – өзім ұялып, көзіне көрнігім келмейтін.

Бірде маған Гүлмира Олжастың ағасы Ержанның жақсы жігіт екенін, табысы да, жақсы қызметі де бар екенін айтып, оны маған біраз мақтады. Гүлмираның айтуынша, Ержанның жасы 25-тен асса да әлі үйленбей жүрген көрінеді. Оның анасы мені тойда көріп, сыртымнан ұнатып, мені келін қылғысы келетінін айтыпты. Мен Гүлмираға бірден әзірге тұрмысқа шығатын ойым жоқ екенін, бар мақсатым оқуымды бітіріп, жұмысқа тұру екенін түсіндірдім. Бөле әпкем менің бұл жауабыма сәл жымиды да, үндеген жоқ.

Бірақ уақыт өткеннен кейін Ержан мені сабақтан кейін күтіп алып, үйге шығарып салатын болды. Ол менің қасымда үндемей еріп жүреді. Өзі ашылып сөйлемегеннен кейін мен де үндемеймін. Бірде ол маған үйленгісі келетінін, біздің үйленуімізге ата-анасы қарсы еместігін айтты. Мен бұл туралы өзім тұрып жатқан үйдегі әпкеме,яғни, анамның сіңілісіне айтып едім. Ол кісі құдаларының туыстары жақсы адамдар екенін айтып, менің ата-анаммен өзі сөйлеспек болды. Әкем де, анам да алғашында менің тұрмысқа шығуыма қарсы болды. Енді ғана 2 курс бітірген, 20 жастағы қызын кім қисын. Алайда, анамның сіңілісі құдаларының қолқалауымен бізді тездетіп үйлендіретін болып шешті.

Мен Ержанды қатты ұнаттым деп айта алмаймын, дегенмен бұрын жігітпен жүріп көрмегендіктен бе, біртүрлі Ержанға бауыр басып қалғандай болдым. Өйткені, ол сәл хабарласпай қалса, көңілім алаңдап тұратын болды. Ержан мені қатты сыйлайтын, үйленгенге дейін құшақтаудан ары барған емес. Әр келген сайын сыйлығын әкеліп тұрады. Сонымен Ержан екеуміз алдыңғы жылдың жазында отбасын құрдық. Ата-аналарымыз дүркіретіп той жасады. Тойдан кейін ата-енемнің қолында тұрып, келіндік міндетімді атқара бастадым.

https://kaz.365info.kz/kyjeuim-impotent-38-zhasynda-belsiz-bolgan-zhomarttyn-ajeli-281332

 

Той өткеннен кейін көп ұзамай Ержан іссапармен басқа қалаға кетті. Ол жұмыс барысымен іс-сапарға жиі шығып тұрады. Алғашқы іссапардан келгенде екеуміз бір-бірімізбен сағынысып көрістік. Келесі іс-сапарға кетерінде ата-енем мені онымен бірге жіберді.

Енем үнемі еркекті ұзақ уақытқа жалғыз қалдыруға болмайтынын айтып отыратын. Дегенмен мен үнемі күйеуімнің жанына еріп жүре алмаймын ғой. Өзімнің оқуым бар дегендей. Оның үстіне мен Ержанға сенгендіктен бе, оны ешқашан қызғанбайтынмын, телефонын тексеріп те әуре болмайтынмын.

Ерлі-зайыпты ретінде тұрып жатқанымызға екі жылға таяп қалғанда енем маған балалы болуды ойлану керек екенін жиі ескертетін болды. Мен оқуымды бітіргенен кейін балалы болсам дейтінмін. Бірақ өзім де баланы қатты жақсы көремін, нәрсете сүюді армандап жүрдім. Егер жүкті бола қалсам, ешқандай ойланбастан нәрсетені дүниеге әкелемін деп жүргенімде бір шындықты біліп қалып, күйеуіме деген көңілім суып қалды.

Бірде менің телефоныма белгісіз нөмірден хабарлама келді. Онда «Мен Ержанның бұрынғы әйелімін, ортамызда бір ұлымыз бар» деп жазыпты. Осы хабарламаны оқығанда төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей әсерде болдым.

Дәл осы кезде күйеуім іссапарда жүрген. Мына сұмдықты енеме айтпақшы болып оқталдым да, өзімді өзім тоқтатып, бірінші күйеуіммен сөйлесіп алмақ болдым. Күйеуіме телефлон шалып едім, ол «жаным-күнім» деп мені еркелетіп, түк болмағандай сөйлесті. Өзі алыста жүргенде көңіл-күйін түсірмей-ақ қояйыншы, келген соң сөйесерміз дедім де қойдым.

Ержан келгенше жаным тағат таппады. Телефоныма келген хабарламаны көрем де, әлгі нөмірге хабарласайын десем батылым жетпейді. Сөйтіп ашуға булығып, ішімнен тынып жүргенде 3 күн дегенде Ержан келді. Мен оған әлгі смс-хабарламаны көрсеттім. Ол біраз уақыт үнсіз отырды да: «мен саған бәрін түсіндіремін» деді. Ержанды бастан-аяқ тыңдадым. Ержан 20 жасында бір қызбен жүріп оған үйленбекші болыпты. Ол қыз өзінен 4 жас үлкен, әрі өзге ұлттан екен. Алайда Ержаның ата-анасы олардың некесіне қарсы болып ұлдарын үйлендірмей қойыпты. Бірақ біраз уақытқа дейін ол Ержанмен қарым-қатынасын үзбеген көрінеді. Одан кейін Ержанның ата-анасы ұлдарын тезірек үйлендіруге тырысқан.

Ержан екеуміз үйленгелі бері бұрынғы жүрген қызымен араласпағанын, оған бармағанын айтып ант-су ішті. Бірақ мен сене алмаймын. Өйткені арада кішкене балалары бар екенін де білдім. Ал Ержан болса, «ол баланың нақты өзімдікі екеніне көзім жітпейді, тіпті балам болған күннің өзінде мен оған бармаймын. Сені жақсы көремін. Ол әйел мені сенен ажырастыру үшін әдейі арамызға түсіп жүр» дейді.

 

https://kaz.365info.kz/ajelim-men-bazhamdy-tosekte-zhatkhan-zherinen-ystadym-shymkentte-bolgan-okhiga-276176

 

Мен бұл шындықты білгелі Ержанға деген көңілім суып қалды. Тіпті ата-енеме де іштей ренжимін. Неге менен шындықты жасырды. Балаларының басқа әйелден баласы бар екенін біліп тұрып неге маған үйлендірді? Мен жақында ата-енеме, күйеуіме де біраз уақыт өз ата-анамның жанында болатынымыды айтып ауылға келдім. Қазір санам сан-саққа жүгіріп мазам кетуде. Бар шындықты анама айтайын десем жүрегі ауырама деп ойлаймын.

Бірақ ерте ме кеш пе бәрібір шындықты біледі ғой. Мені мазалайтыны ары қарай Ержанмен қалай бірге тұрамын, оған қалай сенемін. Әлде арамызда бала жоқта өз жөніммен кеткенім дұрыс па?

 

Әсем, Алматы

Дереккөз: Алаш айнасы

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз