Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

«Әкем әкім болғасын…». Нұрқаділовтың қызы сырын айтам деп, шынын айтты

299

https://www.instagram.com/p/BbZYrmFBD0C/?utm_source=ig_embed

Менің сән топтамаларым әлемдік танымал брендтер – Valentino, Кристиан Лакруа, атақты Versace, Ferre және Escada сияқты сән үйлерінің бірлескен көрсетілімінде таныстырылымға мүмкіндік алған.

Тұтынушылардың қалауын терең және жан-жақты зерделеудің, тың әрі креативті идеяларымның арқасында сән үйі көптеген жетістіктерге жетіп, отандық компаниялардың киім үлгілерінің дизайнын жасады.

https://kaz.365info.kz/byl-kimnin-kyjeui-khyralaj-nyrkhadilova-otbasyly-syjiktisine-khatysty-ajyptaularga-zhauap-berdi-foto-266307

Мысалы, Пекинде және Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан спортшыларымыздың киім үлгісі біздің жұмысымыз.

Ал халықаралық байқауларда сән топтамаларым бірнеше рет жеңіске жеткен.

Дегенмен, бұл жетістіктерді бір сәт ұмытатын болсақ,

әкем Заманбек Қалабайұлының арқасында, түптеп келгенде, қоғамда танымал тұлға болар едім.

Әкемнің абыройы, саясаткер ретіндегі қоғамда алатын орны маған әсер ететіні сөзсіз! Мен сол үшін әкеме ризашылығымды білдіремін!

Алайда мен өзімді әкімнің қызы емес жеке тұлға ретінде қалыптастырдым.

15-16 жасымнан бастап жұмыс істеп, ақша таптым. Біреуге тәуелді болмай, өз еңбегіммен өмір сүруге үйрендім.

Бүгінде сол қасиеттерімнің арқасында басқа дизайнерлерден еңбекқорлығыммен, ерекше талғамыммен, іскерлігіммен ерекшеленемін деп айта аламын. Бүгінгі күнге дейін еліміздің сән әлемінде алтын әріптермен жазылатын жаңалықтарды алып келдім.

Бұл тек бастамасы алдағы уақытта бұдан да зор еңбектер атқарылатын болады.

https://kaz.365info.kz/bir-zhagdaj-bolgan-khyralaj-nyrkhadilova-akesinin-basynan-otken-okhigany-ajtyp-berdi-261646

 

Ұлттық ерекшелігімізбен мықтымыз

Біз керемет салт-дәстүріміз, терең мәдени тарихымыз арқылы да әлемге танылып жатқан елміз. Қазақ этнографиясы мен өнерінен шабыт алған отандық дизайнерлердің шығыс стилін пайдалану арқылы сән әлемінде өзіндік орны қалыптасқан.

Шығыс пен Еуропа стилін біріктіріп, екі стильді де ұтымды пайдалана алатынымыз тағы бар. Шығыс әйелдерінің бейнесі жұмбақтылығымен, нәзіктігімен, ұстамдылығымен ерекшеленсе, еуропалық үлгіні пайдаланып әйелдің сымбатын ерекше әдемі етіп көрсететіндей жасаймыз.

Мәселен, украиндық немесе ресейлік дизайнерлер көйлекті қысқа және кей тұстарда ашық қылып көрсететін болса,

біз оны ұзындау6 барынша шығыс халықтарына жақын үлгіде беруге тырысамыз.

Жабық болғанның өзінде біздің көйлектерімізді киген нәзік жандылардың сұлу тұлғасы ерекшеленіп тұрады.

https://kaz.365info.kz/ralaj-n-r-adilova-jdi-alsa-da-a-ylym-men-bilimim-zimde-alady-222380

Сондай-ақ, біз түрлі түстерді пайдаланып, қазақтың ою-өрнегімен киімдерді нақыштап безендіруге назар аударамыз. Отандық дизайнерлердің шетелдік әріптестерінен басты айырмашылығы –

ол шығыс стилі мен этносын негізге ала отырып, киім үлгілерін жасау.

Қазіргі таңда ТМД елдерінің эстрадасының жұлдыздары, атақты жүргізушілер, кәсіпкер қыз-келіншектер көптеген шараларда қазақстандық дизайнерлердің киім үлгілерін киіп жүр.

Бұл дегеніміз отандық дизайнерлерге деген қызығушылықтың артқанын аңғартады.

Сән әлеміндегі бұл үдерісті үлкен жетістік деп білемін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз