Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Айзат Әбдісаматтың анасы қызының рухына тыныштық беруді талап етті

148

Елді дүрліктірген оқиғаға қатысты сот отырысы жеті айға жалғасып, өткен аптада нүкте қойылды.

Ақтөбедегі журналист өлімі:лифт жөндеген механик төрт жылға сотталды

“Мен ешкімнен моральдық ақы талап етпеймін. Шүкір, жан-жағым, ағайын-туысым бар. Қызымның қазасы арқылы байып кетуді ойлайтын адам емеспін.

«Алдыңа келсе, атаңның құнынын кеш» деген қазақ. Егер әу баста бізден кешірім сұраса, бір үйді асырап отырған адамдарды сотқа да сүйремес едік.

Мендегі тілек – қарапайым халық Айзат секілді тұрмыстық оқиғалардың құрбаны болмасын деген ой. Сол реттелсе деген мақсат.

Бірақ жеті ай бойы ешкім кешірім сұрап келмеді. Мүмкін, біздің ашуымыз басылсын деген оймен де осынша уақыт сот отырысын созған шығар. Мен оларды кешірдім, тек қызымның рухы тынышталсыншы”, – деді Айша Төлемісова.

Жеті ай бойы Шалқар мен Ақтөбе арасын жол қылған ана сот үкіміне қатыса алған жоқ.

Лифтіде қаза болған Айзат Әбдісаматтың анасы мәлімдеме жасады (видео)

“Өзім мектепте математика пәнінің мұғалімімін. Жеті ай бойы сот болады деп Ақтөбеге шапқылаумен болдым.

Қалаға артынып-тартынып барсам, сот кейінге қалды деп шығарып салады.

Осы аралықта оқушыларымның сабақ үлгерімі нашарлап кетті. Қазір білім беру жүйесінің өзгергенін білесіздер.

Қалаға қатынап жүргенімде шәкірттерім де қараусыз қалды. Міне, қайта-қайта сұрана беруден шаршап, сот үкіміне қатыса алмадым”, – дейді Айзаттың анасы.

Айша ханым қызының ұрыс-керісті ұнатпағанын, өмірде ақкөңіл әрі адал адам болғанын айтты.

“Айзатым ұрыс-керіс, дау-дамай дегенді жаны қаламайтын адам еді. Міне, бақилық болса да оған тыныштық бермей жатырмыз. Маған қызымның рухы тынышталғаны керек.

Ешқандай да өтемақы, моральдық шығын талап етпеймін. Мұндай қайғылы жағдайды ешкімнің басына тілемеймін.

Жарты сағат бұрын сөйлескен ақкөңіл қызымнан дәл бұлай айырыламын деп кім ойлаған? Артында 3 жасар қызы қалды.

Айзаттың көрмеген қызығын Іңкәрі көрсін. Айзатым ақжарқын еді. Көз тиді ме, кім білсін?”, – дейді аяулы ана.

Еске сала кетейік, Айзат Әбдісаматтың қазасына қатысты сот үкім шығарып, кінәлілер жазасын алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз