Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Ақтөбедегі журналист өлімі:лифт жөндеген механик төрт жылға сотталды

Жарылқасын Ақжанов айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол сот залынан қамауға алынды», – деді судья Ербол Әбдіхалықов. Жарылқасын Ақжанов 2 миллион теңге моральдық шығын өтеуі тиіс.

Еске салсақ, осы жылдың сәуір айында журналист Айзат Әбдісамат лифт есігіне қысылып, қайтыс болған еді. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот басталмас бұрын Айзат Әбдісаматтың анасы кінәлі адамдардың жазалануын сұрады. Ал прокурорлар сотталушыларды айыпты деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды өтінді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз