Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы көлігімен қағып кеткен жігіт оған кешірім берді

Зардап шегуші жақтың қорғаушысы Мәулен Әлімбаевтың айтуынша, жастар өзара ымыраға келген.

«Өткен аптаның аяғында екі жақ өзара келісімге келді. Жапа шегушінің қарама-қарсы талап өтініші  нотариалды түрде бекітіліп, аталған жағдайға қатысты материалдық шығынды өтеу, қылмыстық қудалау материалдарын тоқтату мәселелері екі жақтың келісімі бойынша  жүзеге асатын болды. Осы талап арыздың негізінде екі жақтың келісімі заңды түрде танылып, кәулендірілетін болса, онда қылмыстық істің тоқтатылуына  шешім шығады», -деп хабарлады Мәулен Әлімбаев.

Жас жігіт өзін қағып кеткен қызбен кездескеннен кейін ғана мұндай маңызды шешім қабылдаған. Материалдық шығынның көлемі  екі миллион теңгені құрап отыр.

Естеріңізге сала кететін болсақ, айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы тамыздың отызы күні «Бәйтерек» монументі қасында ЖКО-на түскен болатын. 18 жастағы Айдана Көпбосынова  Land Rover Discovery 4 көлігімен келе жатып, 28 жастағы Мейіржан Қасымғалиев деген жігітті қағып кеткен еді.  Жігіттің миы шайқалып, бірнеше жері сынып, ауруханаға түскен болатын.

939a6c53-b5f1-446c-a5c4-6cb5303a4101

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз