Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Айнұр Тұрсынбаева марқұм Оразәлі Досбосыновтың Қытайда тұратын балаларының үйінде қонақта болды

266

“Қытайға ең алғаш Оразәлімен келген болатынмын. 10 күн жүріп айтысып едік. Күн сайын ұзақ жол, бітпейтін әңгіме. “Ақындар өлсе тек жүректен өледі, себебі біздің жүрекке түсетін салмақ ауыр” деді бір күйзелген кезде. “Қытайға айтыс үшін ғана емес, әкемнің туыстарын көріп кетейін деп келдім” деп бір мұңайып қалды. Жарықтық Қытайдан келген соң көп ұзамай фәни дүниеден бақи дүниеге аттанып кете берді ғой.

Тірісінде кімнің бағасына жетіп едік, ойлап отырсам 10 жыл қатар айтысып жүргенде көңілге тиетін бір ауыз сөз айтып көрмеген екен. Қазір Қытайда жүріп осының бәрін ойлаймын. Сағыныш жүректі кернеп-ақ кетеді, әттең. Мынау отырған Ораздың ұлы мен қызы. Қызы Нұрайшадан қатты үміт күтетін еді.

Осы Қытайда жүргенде бір жағдайлар болып, “шаршап кеттім, түк те айтысқым келмейді” деп түңілгенде, “Айнұр, Айша өскенше айтысып ал, ол бәрібір айтыстан сені қуып шығады” деп күлдірген еді. Мұңайып тұрғанынының өзінде жымиып тұратын еді жаным. Нұрсұлтан ұлының көзінен де әкесінің жанарында болатын мейірімді көрдім. Сағындым”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Желі қолданушылары марқұм айтыскердің ұлын анасына, ал қыздарын әкесіне ұқсатты. Мұнымен қатар, Айнұр ханымның ауқатты екенін тілге тиек етіп, бұл балаларға көмектесуді сұраған жандар да болды. “Айнұр ханым, сіздің материалдық жағдайыңыз жақсы ғой. Осы екі баланың бір жетістікке жетуіне көмектесіп жіберсеңізші. Алла разы болсын! Оразәлі ақынның да әруағы разы болады”, – дейді Кәрима есімді желі қолданушысы.

dalanews-ainur_tursinbayeva-840x420

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз