Бұл не? Мұны қалай түсінуге болады? Одақтас деген елдің ойы неге бұзық, пиғылы неге арам? Көршіміздің Мұстафа Шоқайды фашист деуге қандай құқы бар?
Орыстың gazeta-pravda.ru сайтында «Гитлердің сыбайласына ескерткіш ашылды» (Поставили памятник пособнику Гитлера) атты мақала жәрия болды.
Айтпақшы, аталған мақаланың авторы іргедегі Бішкекте отыр. Сергей Кожемякин “Правда” газетінің Қырғызстандағы тілшісі көрінеді. Сонымен, мақалада не делінген?
Сергей Кожемякин өз мақаласында Алаш арысы, қазақ ұлтының қайраткер ұлы Мұстафа Шоқайды ашықтан ашық қаралап, «Қазақстан Украинаның кебін киеді» дегенді айтады.
«Қазақстанда антисоветтік жүйені һәм фашизмді қолдаған тұлғаны ұлықтап жатыр. Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш ашылуы мифке негізделген псевдотарихқа жасаған кезекті қадам болды»
(В Казахстане увековечивают память главарей антисоветского движения и приспешников фашизма. Открытый в Кызыл-Орде памятник Мустафе Шокаю стал очередным шагом на пути создания псевдоисторических мифов, на которые опирается официальная идеология страны), – деп жазады автор аталған мақаласының кіріспе сөзінде.
Алаш арысы Мұстафа Шоқайдың кеңестік кер қоғамның езгісіне ынта-шынтасымен қарсы күрескені тарихтан белгілі. Ал Сергей Кожемякин өз контекстінде Мұстафа Шоқайды «фашист» деп қаралайды.
Тарихи деректерді ашықтан-ашық бұрмалап, Мұстафа Шоқайға көпе-көрнеу жала жапқан орыс журналисті Сергей Кожемякин өз мақаласында Орталық Азия елдерінің КСРО идеологиясының қалдықтарын күресінге ысырып, ұлттық, тарихи, мәдени һәм рухани құндылықтарын жаңғырта бастағанына ашынады.
Қазақстанды «социалистік жолдан айныған әм советтік құндылықтарды жоққа шығарушы» деп айыптай келіп, Қазақстанның Мемлекеттік құрылымындағы «Алтын дәуір» ретінде Қазақ хандығы құрылған кезең мен Алаш партиясының құрылған кезеңін айтады ( Эта тенденция затронула и Казахстан. Здесь для конструирования идеологической мифологии используются две эпохи. Первая — Казахское ханство (XV—XIX века), а вторая — период с 1917 по 1920 год, когда в Центральной Азии предпринимались попытки создать собственные, враждебные Советской власти государственные образования. Речь идёт об Алашской и Кокандской (или Туркестанской) автономиях).
Биыл жүз жылдығы тойланатын Алаш арыстарының аруағын қозғап, оларды фашистік жүйенің жандайшаптарына теліген Кожемякин мен оның мақаласын жария еткен орыстың «Правда» гәзеті мемлекетаралық қарым-қатынасқа қырсығын тигізіп, бүтін бір елдің тарихы мен тарихи тұлғасын қаралап отырғанын түсінбейді емес, түсінеді.
Сөйте тұра, «Биыл 100 жылдығы тойланғалы отырған Алашорда жоқтаушылары ұлтшыл-буржуаздар қозғалысын насихататуда. Алайда атисәбеттік активистерді ұлықтаудың соңы – фашизмді қолдаушыларды насихаттауға ұласып кетті», – деп жазады. (Их столетие, отмечаемое в этом году, вызвало всплеск пропагандистской активности, направленной, в том числе на прославление лидеров буржуазно-националистического движения начала XX века. Но, как нередко бывает, начав с восхваления активистов антисоветского движения, современные идеологи постепенно скатываются к прославлению пособников фашизма…).
«ОДНИМ из таких событий стало открытие 28 марта в Кызыл-Орде 12-метрового памятника политическому деятелю Мустафе Шокаю. В тот же день в местном университете прошла международная научно-теоретическая конференция «Наследие Алаша и независимый Казахстан», посвящённая 100-летию образования партии «Алаш», – деп жазған автор Мұстафа Шоқай туралы бірді-екілі деректерді мысалға келтіреді.
Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайды – фашист, неміс бандеррасымен байланысқа түскен сәбеттік сатқын әрі болшевиктерге қарсы күрескен эммигрант деп, сипаттайды.
Ең бастысы – өз мақаласын түйіндей келе Сергей Кожемякин «Мұстафа Шоқай сынды азаматтарды ұлықтау – антисәбеттік қозғалысты насихаттау және КСРО-ны күйелеу» деп жазады.
Тіпті, Парламенттегі «Ақжол» партиясын да тілге тиек етіп, Перуашевтің «Қазақстанның бүгінгі Тәуелсіздігі – кешегі Алаш қайраткерлерінің арман мақсаты. Тарихи тұрғыдан алғанда – Сәбет Өкіметі жеңілді. Алаш жеңді» деген сөзіне де шүйлігеді.
Шүйлігеді де ашық қоқан-лоққы жасайды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының территориялық тыныштығын бұзуға, қос бірдей одақта ортақ қазаннан ас ішіп отырған Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасына сызат түсіруді көздейді.
«Бұл тенденция бізді уайымдатпай қоймайды. Мысалы, Украинада да дәл осылай басталған. Бандерраны ұлықтауан басталған қадам қанды-қырғынға ұласты. Арты азаматтық соғысқа ұласты. Қазақстанды дәл осы жолға итермелеп отырған кім?» деп түйіндейді ол өз мақаласын (Эта тенденция не может не пугать. На Украине тоже всё начиналось с восхваления Петлюры, Бандеры и прочих одиозных фигур прошлого. Закончилось же кровавым переворотом, бесчеловечным режимом и гражданской войной. Неужели кто-то заинтересован в том, чтобы и Казахстан пошёл по тому же пути?).
P.S. Оқыдыңыздар ғой? Ойландыңыздар ма? Біз кіммен одақтаспыз осы? Одақтасымыз біздің ішкі ісімізге неге тұмсық тығады? Түрулі іргеден тас атып отырған орыстың арандатушы сайттарына қашан тосқауыл қоямыз? Құдай біледі, мұндай мақалалар Кремльдің тапсырмасымен жазылуы әбден мүмкін ғой?! Кремльдің мұны көрмеуі, білмеуі мүмкін емес өйткені. Көріп те, біліп отыр құдай біледі. Оған осы керек. Ілгерідегі сауалдар біздің билікке бағытталған деп білгейсіздер.