Димаш Құдайберген тыңдармандарын ағылшын тілін үйренуге шақырып, видеоүндеу жолдады.
Бұл видео әншінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Димаштың өзі қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
“Ағылшын тілі қазіргі таңда маңызы зор тіл деп айтуға толық негіз бар.
Өз басым қазір шетелде концерттерде іссапармен көп жүретіндіктен, ағылшын тілін шыңдау үстіндемін. Өйткені шет мемлекеттердегі тыңдармандарымның құлақ құрышын қандыру барысында ағылшын тіліндегі әндерді орындаймын.
Әрқайсымыздың өмірімізде ағылшын тілінің алатын орны зор деп білемін, сол себептен баршаңыз ағылшын тілін жүйелі түрде дамытуға кірісіңіздер”, – деді Димаш.