Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Әдейі істейді…”. Билік неге қазақтың мардымсыз жалақысының көлемін жасырады?

940

Нақтысында, мысалы қазақстандықтардың басым бөлігінің орташа жалақысы 100 мың теңгеге жетпейді екен, ал ресми көрсеткіште ол 160,5 мың теңге деп көрсетіліп жүр.

Дамыған елде орташа айлық алушылар көп болуы керек қой. Бірақ біздің халық ресми орташа табысқа мүлде қол жеткізе алмай жүр. Демек, осы есеп тұрғысынан алып қарасақ, онда Қазақстанның бақуатты елден ауылы алыс жатқанын еш қиындықсыз аңғаруға болады.

Жалақыны көтеруге ақша жоқ — Бақытжан Сағынтаев

Цифрларды “сөйлетсек”, расында ҚР Статистика комитетінің мәліметі бойынша, биыл – 2018 жылы Қазақстанда медианды жалақы көлемі 28 процентке өскен екен.

Айта кетелік, медианды жалақы дегеніміз елімізде жалақы алушылардың орташа есебі. Мәселен, бір адам 10 теңге алса, екіншісі – 11, үшіншісі – 14 теңге, ал төртіншісі 1000 теңге алса, онда орташа есеппен медиалы жалақы 200 теңге деп көрсетіледі.

Міне, осындай жолмен есептегеннің өзінде, статистика комитетінің дерегінше, 2017 жылдың І-тоқсанында ол 83 мың теңге болған, 2018 жылы ол 106 мың теңгеге өсіпті. Дегенмен еліміздің басым бөлігіндегі жалақының орташа көлемі 80 мың теңгені әлі құрап келе жатқанын баса айта кетелік.

Бірақ соған қарамастан биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша еліміздегі орташа айлық көрсеткіші ресми түрде 160,5 мың теңге деп жарияланған еді.

Осы жағынан алғанда, өмірдегі нақты орташа табыс көлемі орташа арифметикалық есептен 33 процентке, ал модальдыдан (ресмиден) 50,2 процентке төмен.

Оны айтасыз, ҚР Статистика комитетінің мәліметінше, 20 мың теңгеден төмен жалақыны басқа өңірлерге қарағанда Алматы қаласында алатындар көп екен. Бұл, енді табысқа қатысты біздің өміріміздің шынайы көрінісі.

«Өтірік бәрі…». Экс-министр Қарағұсова жалақыға қатысты сұмдық мәлімдеме жасады

Халықаралық экономика сарапшысы Алғатбек Қыдырбекұлы жалақыны асыра көрсету осы күнге дейін банктер үшін тиімді боп келгенін айтады.

– Коммерциялық банктер шетелден арзанға кредит алады да мұнда оны екі-үш есеге сатады. Осылай күнін көріп, банктер байып келген. Бірақ қазір ондай жоқ. Қазақ банктеріне қазір ешкім сенбейді де, ақша да бермейді.

Міне, сол ақша алып жүргенде банктер шетелдің алдында соны қайтара алатынын дәлелдеу үшін халқының жалақысын зор қып көрсетуге мүдделі болды. Сондықтан ресми мен нақты өмірдегі цифрда айырма боп жатады. Бұл қазір ешкімге жасырын емес.

Енді банктер ала алмайтын болды, бірақ мемлекетке береді кредитті. Мемлекетке де халықаралық банктер алдында көз қып көрсететін цифр керек. Сондықтан солай енді, – дейді сарапшы.

Диас Шайзахов

Президент ең төменгі жалақыны бір жарым есеге өсіруді тапсырды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз