Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-5
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Жалақыны көтеруге ақша жоқ — Бақытжан Сағынтаев

354

Сондай-ақ Елбасы өз Жолдауында мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өсетінін айтқан. Бұл жақсылық енді мамыр айында нышан береді деп те айтылды.

Қаңтарда қосылады деген үстемақы әлі қосылған жоқ

Мұның бәрін өткен айда, яғни ақпанда ҚР Білім және ғылым министрлігі де растаған еді. Иә, вице-министрдің өзі өскен жалақыны міне, бергелі жатырмыз деген еді сол кезде.

https://kaz.365info.kz/bergeli-zhatyrmyz-goj-bilim-vitse-ministri-zhalakhy-turaly-ajtkhan-kharagysovaga-zhauap-berdi-301975

«Жаңартылған мазмұн бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жүктемесі артқандықтан, лауазымдық жалақысын да арттыру қарастырылған.

Осындай қаулы 7 ақпан күні шықты, қазір өңірлер шұғыл тәртіпте есеп жүргізеді және менің пайымдауымша, ақпан айының жалақысы берілерде қаңтар және ақпан айларының үстемақысы бірге түседі»,

— деді ҚР БҒМ алқасының 12-ақпандағы кеңейтілген отырысында вице-министр Бибігүл Асылова.

Міне, жалақы көтеріледі дегелі қыстағы емес, көктемдегі Жаңа жылды тойлайтын кезге жетіп те қалдық. Бірақ бұл айтылғандар әлі сөз күйінде қалуда.

“Елбасының өзі айтты емес пе, не боп кетті, жалақымыздың үстеме ақысы қайда, тағы да алданып қалдық па?” деп дабыл қағады ұстаздар қауымы.

Өз кезегімізде бұл сауалды Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы алдында екі апта бұрын көтергенін айта кеткіміз келеді.

Ал Үкімет не деді дейсіз ғой? “Бюджетте ақша жоқ” деп кесіп айтты.

https://kaz.365info.kz/otirik-bari-eks-ministr-kharagysova-zhalakhyga-khatysty-symdykh-malimdeme-zhasady-301102

Осы араға кеңінен тоқтала кетсек. Нақтысында, депутаттар ұстаздар жалақысының көтерілуіне қатысты мәселені қозғай отырып, осыған дейін сын болған базалық лауазымды жалақы көлемін көтеруді сұраған еді. Естеріңізде болса, Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарасұғова:

«Әлеуметтік саладағылардың жалақысының осыншалық аз болуына лауазымдық жалақыны есептеу кезінде қолданылатын базалық лауазымдық жалақы деңгейінің төмендігі басты себептердің бірі болып отыр. 17 697 теңге көлеміндегі базалық лауазымдық жалақы 2011 жылы бекітілген.

Бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40 проценттей аз және жеті жыл бойы өзгермеген.

Сондықтан бұл арада базалық лауазымдық жалақыны заңмен бекітілген айлық жалақының ең төменгі көлемімен алмастыру керек», — деп Үкіметке депутаттық сауал жолдаған.

Тарихта „уәде бұзғыш„ боп атыңызды қалдырғыңыз кеп жүр ме?..

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бұған былай жауап берді:

– Бұл ұсыныстарыңызды қабылдай алмаймын. Оған бюджетте ақша жоқ.

2019 жылы, алдын ала есептеу бойынша, ең төменгі жалақы 29 981 теңге болады. Бұл бір мезетте мемлекеттік қызметтегілердің жалақысын 69,4 процентке көтерлуіне әкеп соғады. Сонда бюджет 2019 жылы шамамен 875,6 млрд теңгеге, 2020 жылы – 961,1 млрд теңгеге, в 2021 жылы – 1 050 млрд теңгеге, в 2022 жылы – 1 142,4 млрд теңгеге қосымша шығындануы керек.

https://kaz.365info.kz/netip-negylyndar-shymkenttin-akimi-de-shalakhazakh-eken-video-298955

Бұл деген орасан қысым ғой. Сондықтан бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мәселесін кезең-кезеңмен, яғни ел экономикасының даму қарқыны мен республикалық бюджеттің мүмкіндігіне қарап жүзеге асыру керек деп ойлаймын, – деді ҚР Премьер-министрі.

Сонда не болды, өзі?.. “Базалық лауазымды жалақыны өсіре алмаймын, оған ақша жоқ” деген Үкімет басшысы ескі жүйемен де Елбасының тапсырмасын орындамайын деп тұр ма? Орындалған жоқ, ол рас. Әне, ұстаздар шулап жатыр. Жыл басында өседі деген мұғалімдердің жалақысы қайда, Бақытжан мырза?

Онсыз да шаршап-шалдығып, күйзеліп жүрген ұстаздар қауымын неге сонша зарықтырасыздар? Қазір жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезі өзі. Байқамаса болмайды. Онсыз да ұстаздардың жұмыс үстінде “жүріп” кеткені туралы фактілер тіркелуде.

Қалай бюджетте ақша жоқ? Мән-мағынасы жоқ жиындарға ақша табылады. Әкімдердің қымбат көлігіне ақша табылады. Мінгендері кем дегенде 25 миллион теңге болады. Содан неге үнемдемейсіздер?

https://kaz.365info.kz/kyzylordanyn-khyzukhandy-zhigiti-akiminin-khymbat-leksusyn-yrlamakh-boldy-257070

Ақша жоқ болса, таба аласыздар ғой. Айыппұлды көтересіздер, ол кезде 25 мың айлық алатын адам оны төлей ала ма, төлей алмай ма, санаспайсыздар. Әйтеуір ақша жинаудың бір түрін ойлап тауып, қара халықты міндеттейсіздер. Ал бергенге келгенде неге бас ауыртқыларыңыз келмейді? Ұстаздар болмаса, Үкіметтің бір шеті міндетті түрде қисаяды. Соны білесіз бе? Қытыққа тиюді қою керек қой.

Елбасының өзі: „Мен орындалмайтын нәрсені уәде етпеймін„ деп ресейлік телеарнаға сұқбат берді.  Әлде, уәде бұзғыш болып тарихта атыңызды қалдырғыңыз кеп жүр ме?

Өседі деген жалақының неге өспей жатқанына бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев те нақты жауап бере алмады.

Министр де мұғалімдердің жалақысы қашан өсетінін нақты айта алмады

Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутат Шавхат Өтемісов министрден мұғалімдердің жалақысы қалай және қашан өсетінін сұраған еді.

Ал бұған қатысты министр жауабы бас десе құлақ дейді дегенге сай болды.

“Біз жаңа оқу жылынан бастап мұғалімдерді бірыңғай тестілеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Тек қана бірыңғай тестілеу жүйесін енгіземіз, ал бұрынғы жүйе сол күйінде қалады. Бірыңғай тестілеу неге керек? Қазір бәрімізге керегі – мұғалім өзінің сабағын біле ме, білмей ме? Соны білу үшін, мұғалімдер дайындалу үшін бірыңғай тестілеу режимін енгізіп отырмыз.

Емтиханда мұғалімдер 100 сұраққа жауап береді, оның 70 сұрағы пән бойынша болады.

Ал 30 сұрақ білім беру әдістемелері және заңдар сияқты сұрақтарға арналған. Қазіргі уақытта сұрақтар дайын, бірнеше қабылдайтын құжаттар бар. Оның бәрін екі-үш айдың ішінде дайындасақ, жаңа оқу жылынан мұғалімдерді тестілеуден өткізіп, әрі қарай деңгейін көтеруге механизм енгіземіз. Бұл көп мемлекетте бар жүйе “, — деді министр.

“Мұғалімдердің бәрі тестілеуден өтуі керек пе?”, — деп сұрады мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева.

“Бірыңғай тестілеуден біліктілік деңгейін көтеруге мүдделі мұғалімдердің бәрі өтуі қажет. Бірақ, мысалы, мұғалімдер екі-үш жыл бұрын біліктілік деңгейін көтерсе, әрі қарай жұмыс істеуге болады. Келесі кезеңде ғана тестілеуден өтетін болады”, — деп жауап берді министр.

Одан кейін вице-спикер жалақысын көбейту үшін мұғалімдердің 100 сұрақтың нешеуіне жауап беруі керек екенін сұрады.

“Бәрі деңгейге бөлінген. Ең жоғары деңгейіне сұрақтың тоқсан пайызына, педагог-зерттеуші сексен пайызына, педагог-сарапшы жетпіс пайызына, педагог-модератор алпыс пайызына жауап беруі керек”, — деді Сағадиев.

“Сонда сіздердің ойыңызша, мұғалімнің бар кәсіби деңгейін осы 100 сұрақ анықтап береді деп отырсыздар ғой…”, — деді депутат.

“Жоқ, олай емес. Екі кезең болады. Бірінші, ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Екінші, комиссия шешетін болады. Яғни, қазіргі жүйе қалады. Біз тек қана бірыңғай тестілеу нәтижесін комиссияға беріп отырамыз. Жұмыс тобына бірнеше депутат қатысқан болатын. Біз бірнеше ай мұғалімдермен де, мектеп директорларымен де талқыладық. Қазіргі уақытта мұғалімдер оны түсініп, дайындалып отыр”, — деп түйді сөзін министр.

Министрдің сөзінен аңғарғанымыз, ұстаздардың деңгейін анықтап алып, жалақысын бір-ақ белгілейін деп жатқан секілді. Бұл тек біздің пайым! Солай-ақ болсын делік. Бірақ, Елбасы тапсырғандай кері есеппен ақпаннан бастап есептесе жақсы болар еді өзі…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз