Ақтөбенің Мәртөк, Хромтау, Қарғалы мен Әйтеке би аудандары егін егуге қолайлы болса, өзге аймақтар мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.
Сөйтіп, әр ауданның өз бағыты, жүрер жолы бар. Дегенмен, суармалы әдіспен көкөніс өсіріп, шаруашылықты дамытуға болады. Күні бүгінге дейін өңірдегі 29 мың гектар суармалы жердің тек 12 мың гектары кәдеге асырылған. Бұл бар болғаны 40 пайыз деп, – хабарлайды rikatv.kz.
“Ырыс” бағдарламасы бойынша 6 сүт фермасын ашу жоспарда бар. Биыл Қарғалы ауданынан жылына 5 мың тонна құс еті шығарылатын ферма салынуы мүмкін. Себебі, өңірдегі екі ірі құс фабиркасы сұраныстың 50 пайызын да қамти алмай отыр. Баспасөз мәслихаты кезінде Қарағандыдан анықталған түйнеме ауруына орай өңірдегі қауіпсіздік шаралары туралы да айтылды.
Ақтөбеде түйнеменің 132 көмілген ошағы бар екен. Қауіпсіздік шараларын күшейту үшін 60 миллион теңге қаржы қажет.
Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиевтің айтуынша, бұл жұмыстар күзде толық аяқталуы тиіс.