Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
5
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында төтенше жағдай жарияланды

Сыздықов соңғы тәуліктерде ауданда жауын-шашын қалыпты нормадан үш есеге көп жауғанын айтады. Мұндағы жауын-шашынның айлық нормасы 22 миллилитр болса, ол соңғы тәуліктерде 79 миллилитр болып, нормадан үш есеге артық жауған.

Сыздықов Қандыағашта жаңбыр көп жауғандықтан жолдарға қиғаш салынған су өткізгіш құрылғыларды бұзып кеткен дейді.

Синоптиктер облыста аптаның соңына дейін жауын-шашынды болады деп болжайды. Қазір Ақтөбе қаласында, Мұғалжар және Әйтеке би аудандарында су басу қаупі туындаған аумақтарда тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сыздықов бұдан өзге Ақтөбенің Құрмыш ықшам ауданында үш үйді су басқанын, тұрғындар эвакуацияланып, су шығарылып жатқанын айтты.

Қандыағашта толассыз жауған жауын сенбі күні таңертең басталған. Кеше кенттің кей жерінде су деңгейі 20 сантиметрге дейін жетіп, №3 мектеп-гимназия мен «Самал» балалар бақшасының жертөлесін су алғаны хабарланған. Кенттің ықшамаудандарын жалғастыратын тас жолдарды су шайып кеткен.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз