Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

АҚШ-та Қазақстан азаматы террористік ұйымға қолдау білдіргенін мойындады

Қазақстан азаматы Ахрор Саидахметов (21 жаста) Нью-Йоркте тұрған. Ол арнайы қызмет өкілдеріне қолдау көрсеткен. Бірақ соған қарамастан ол кемінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

АҚШ прокуроры Роберт Кейперс айып тағылып отырған азаматтың Сирияға барып, «Ислам мемлекеті» ұйымы жағында соғыспақшы болды немесе АҚШ аймағында террористік акт ұйымдастырмақ болды деп мәлім етті. Айыптау қорытындыларына сүйенсек, 2014-2015 жылдары Саидахметов өзінің сыбайласы, Өзбекстан азаматы Абдурасул Журабоевпен бірге Сирияға аттанбақ болған. Олар сәтті түссе автомат сатып алып, полиция қызметкерлерін жайратып салмақ болған.

2015 жылы Саидахметов Нью-Йорктегі Кеннеди әуежайында қолға түсті. Ол Түркияға ұшатын ұшаққа отырмақ болған кезінде құрықталды. Осы іс бойынша тағы бір азаматтың ісі қаралуда. Ол – өзбекстандық Аброр Хабибов. Оған террористерге қолдау көрсету үшін қаржы жинады деген айып тағылып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз